Атырау, 11 қазан 11:41
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Мұз үстіндегі берекетсіздік

2 724 просмотра

- Қала маңына жақын Жайықтың қай жерлерінде мұз астынан әуесқойлық балық аулауға тыйым салынғандығын білгім келіп еді? Облыстық әкімдік үйінің ауданында өзеннен балық аулап жатқан әуесқой балықшыларды құқық қорғау органының өкілдері қуып жіберіп отырады. Сол жерден аулауға бола ма?

Телефон арқылы

Жайық-Каспий балық аулауды реттеу және қорғау жөніндегі облысаралық бассейндік басқармадатүсінік бергендей, Жайық өзені облыстық әкімдікке жақын немесе басқа бір әкімшілік құрылымдар маңында ағып жатыр ма, оған қарамастан, ол тәуелсіз болып қала береді. Барлық әуесқойлық балық аулау ережесін сақтау барысында балық аулау үшін қандай ма бір тыйым салынған орындар жоқ. Кейбір рұқсат етілмеген жерлер бар, мәселен, көпір астынан аулауға тыйым салынған.

Ережелерге сәйкесті Жайықтан облыстық әкімдік ауданынан әуесқой-балықшылардың неліктен қуылып отырғандығына, өкінішіке орай, нақты жауап алуға мүмкіндік болмады. Балық қорғау мекемесі қызметкерлерінің бірі былай деп түсіндірді:

- Бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Шынында да қала маңында әуесқойлық балық аулауға тыйым салатын орындар жоқ. Балықшыларды облыстық әкімдіктің кезекшілері қуып отырғанға ұқсайды. Бір жағынан алып қарасақ, бұл жерде адамдар өзеннен балық аулағаны болмаса, ешқандай заңға қайшы келетін әрекеттерге барған жоқ, енді бір жағынан алып қарайтын болсақ, билікке құрметпен қарап, көз алдарында көлбеңдемеу де керек сияқты. Көпшілігі балық аулау кезінде спиртті ішімдіктерді ішіп, көзге түсіп жатуы мүмкін. Ал, облыстық әкімдік үйіне жан-жақтан қонақтар келіп жататын болғандықтан да оларды қууға тура келеді деуге болады.

2 наурыз 2011, 23:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.