– Таяуда саға арқылы өзенге түспес үшін Каспий теңізі жақтан Шыман өзек деп аталатын балық жүретін канал арқылы қайықпен жүзіп өткенбіз. Каналдың өзенге құятын жері қолдан жасалған шлагбауммен қалқаланыпты. Жағалаудағы маңдайшаға қарағанда, мұны «Ақ жайық» қорығының қызметкерлері жасаған. Бұл қаншалықты заңды?
«Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерватының ғылыми және мониторинг бөлімінің бастығы Александр ИВАСЕНКОНЫҢ айтуынша, біріншіден, балық өтетін каналдар кеме жүруге арналмаған. Екіншіден, Шыман өзегі қорықтық режим аймағына кіреді. Ол жерге тіпті кез-келген инспектордың аяқ басуға құқығы жоқ. Онда да тек зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми қызметкерлерге ғана кіруге рұқсат етіледі. Болашақта теңіз жақтан Шыман өзегіне келетін жолды да, сондай-ақ, бірінші және екінші дамбалық еріктерді, Приморский каналының қорықтық режим шекарасы басталатын жерлерін бөгеп тастау жоспарланған. Өз жұмысында резерват «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңды басшылыққа алады.