Атырау, 27 желтоқсан 01:11
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бірыңғай тариф бар ма?

3 097 просмотра

- Балабақшаға күн сайын ұсталатын бірыңғай тариф неге жоқ?

Телефон арқылы

Біз бұл сауалдықалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің экономисі Айгүл ҒАБДРАХМАНОВАҒА жолдадық. Бүгінгі күні балабақшалардағы тарифтің өсуі азық-түлік бағасының өсуімен тікелей байланысты екендігін айтқан экономист «бұрын ет бағасы 600 теңге болса, қазір 900-1000 теңгеге шықты» дейді. Сонымен бірге, сүт, картоп, күріш, жұмыртқа секілді тағамдардың бағасы да өскендігімен байланыстырды.

- Осы бағаларды есептей келе, біз орташа есеппен, бір балаға бір күндік меню жасаймыз. Бұрын бір күндік меню 302 теңге болса, қазір 401 теңгеге шығып тұр. Бұрын балабақша тарифі 6000 теңгеге дейін барса, қазір 8000 теңгеге дейін көтерілді. Меню бағасы баланың күнделікті тамақтанатын тағамының мөлшері мен орташа бағасына қарай есептеп шығарылады. Бірақ, 8000 теңге деген тариф бұл - қаладағы бала-бақшалардың тариф бағасының әрі қарай шарықтап кетуіне жол берілмеуі үшін қойылып отыр. Қазір балабақшалар иесі азық-түлік жеткізуші мекемелер арасында өздері тендер өткізіп жатыр. Тендерді кім ұтып алса, сол азық-түлікті жеткізіп берушілердің бағасына сәйкес, қойылады. Бірақ, қайталап айтамын, баға 8000 теңгеден аспауы тиіс. Барлық балабақшаларда тариф қатып қалған 8000 теңге емес. Ол 6500-7000-7500 теңге болуы мүмкін. Бұрын тариф 5 мың теңгеден 6 мың теңгеге дейін болса, қазір 6 мың теңгеден 8 мың теңгеге дейін, - деді Айгүл Ғабдрахманова. -2004 жылдың 21-желтоқсанында шыққан №1353 балаларды жүз пайыздық азық-түлікпен қамтылуы туралы қаулыға сәйкес, баланың тамақтанатын бір күндік тағамының мөлшері бойынша балабақша тарифі бір айға 10-12 мың теңгеге шығып кетеді. Біз олай болмасын деп бағаны ұстап тұрмыз. Әрі баланың бір күндік менюіндегі тағам мөлшерін, мәселен картопты белгіленген 190 грамм емес, 100 грамнан бергізіп отырмыз. Тариф бағасы менюде жеміс-жидектер кездесіп жатса да өзгеруі мүмкін. Ал бала балабақшаға келмей қалған күндері есептелмейді. Себебі, таңертең асханаға баратын балалар саны мен аты-жөндері арнайы журналға тіркеледі. Онсыз болмайды. Егер де, балабақша ақысы алдын-ала төленіп қойылған болса, алдағы айдың ақысына есептеліп кетеді.  

Дайындаған Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

14 сәуір 2011, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.