Атырау, 26 желтоқсан 12:38
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бұл заңға қайшы

2 321 просмотра

- Менің қызым шетелдік компанияда жұмыс істейді. Өзі бес ай жүктілік мерзімде. Кадрлар бөліміндегі маман оған қысқартуға ұшырайсың депті. Осы дұрыс па? Бұл қаншалықты заңды?

Сауалға «Maximum» адвокаттық кеңсе аға серіктесі Айдос ИБРАЙМОВ жауап береді:

- ҚР Еңбек Кодексінің 185 бабының 1-ші тармақшасына сәйкес жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейiнгi баланы (он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша, жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi - жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған жағдайларда, бiлiктiлiгiнiң жетiспеуi салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген кезде, қызметкер сот актiсiне сәйкес одан әрi жұмыс iстеу мүмкiндiгiн жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бұзуға байланысты   жағдайларды қоспағанда, жол берiлмейдi. Яғни, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларды жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жүктілігі бар қызметкермен еңбек шарты бұзуға тиым салынады. Сондықтанда Кадрлар бөліміндегі маманның оған қысқартуға ұшырайсың деп айтуы заңға қайшы.

30 наурыз 2011, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.