- Біздің компаниямыздың барлық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне «Интертич» сақтандыру компаниясы қызмет көрсетеді. Алайда менің балам оқитын мектепте «Интертич» беретін анықтаманың қабылданбайтындығын бірден ескертті. Алайда басқа мекемеде жұмыс жасайтын зайыбымның жұмысында анықтама еш қиындықсыз қабылданады. «Интертич» өздерімен ұжымдық келісім-шарт жасаған қызметкерлердің отбасы мүшелерінің денсаулықтары туралы анықтама беруге құқылы ма?
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТІҢ ақпараты бойынша, «Интертич» емханасы медициналық сақтандыру бойынша ұжымдық келісім-шарт жасаған қызметкерлердің отбасы мүшелерінің денсаулықтары туралы анықтама беруге құқылы. «Интертич» емханасының лицензиясының қосымшасында балаларға екпе салудан басқа медициналық көмек көрсету қызметі бар.