Атырау, 27 желтоқсан 00:43
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Білім мен тәжірибе керек

3 372 просмотра

- Менің мамандығым – мейірбике (медсестра). Он жылдық еңбек өтілім бар. 2000 жылдан бері бала тәрбиесімен үйде отырып қалдым. Содан бері 11 жыл өтті. Енді жұмысқа тұрғым келеді. Осындай көп уақыт үзілістен кейін медицина саласында қызметке тұруға мүмкіндігім бар ма?

Бұл сауалға «Мaximum» адвокаттық кеңсесінің заңгері Венера БЕРДАЛИЕВА төмендегідей жауап берді:

- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 28.12.2007ж. №765 бұйрығымен бекітілген мейірбикеге қойылатын біліктілік талаптары төмендегідей: жоғары мейірбикелік немесе орташа (орташадан кейінгі) медициналық білім. Сонымен қатар, мейірбике лауазымын иелену үшін аталған бұйрыққа сәйкес білуге міндетті талаптар:

-алғашқы дәрiгер келгенге дейiнгi көмек көрсетілу қағидалары;

- дәрiгерлiк құрал-сайманмен және жабдықпен жұмыс iстегенде қауiпсiздiк техникасы ережелерi;

- дәрiлік препараттардың және материалдардың сақталу ережелерi;

- емдiк-алдын алу ұйымының ұйымдық құрылымы;

- Қазақстан Республикасының медицина-санитарлық көмек көрсетілу бойынша қызмет регламентін белгiлейтiн, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілері;

- денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негiзгi қағидалары;

- дәрiгерлiк әдеп және деонтология.

Бұған қоса мейірбикелер 5 жыл сайын мамандандырудан өтіп, арнайы сертификат иемденеді.

20 сәуір 2011, 22:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.