Атырау, 5 қазан 02:40
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жәрдемақы мөлшері мекен-жайға тәуелсіз

2 944 просмотра

- Мен Индер поселкесінде тұрамын. Өткен жылдың қыркүйегінде үшінші сәбиім дүниеге келді. Босануыма байланысты бір мәрте берілетін жәрдемақының сомасы 45 мың теңгедей болды. Оған қоса ай сайын сәби күтіміне байланысты 7 мың теңгедей аламын. Атырауда тұратын құрбым үшінші баласына 11 500 теңге алады, ал босануына байланысты берілген жәрдемақы 56 мың теңге құраған. Неліктен қала мен ауылдағы жәрдемақы алушылардың арасында мұндай айырмашылық бар?

Сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА жауап береді. Қала мен ауылдағы жәрдемақы алушылардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Өткен жылы сәбидің тууына байланысты бір мәрте берілетін жәрдемақы 42 390 теңге, биыл – 45 000 теңге құрады. Сондықтан сіздің қаладағы құрбыңыздың заң бойынша тиесілі сомадан артық ақша алуы мүмкін емес. 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыға келер болсақ, ол сәбидің нешінші бала екендігіне, сондай-ақ әлеуметтік жарналар мөлшеріне (егер әйел жұмыс жасаған болса) байланысты болады. Республикалық бюджет есебінен төленетін үшінші сәби күтіміне байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы өткен жылы 10 598 теңге құраған болатын, ал қазір 11 340 теңге. Егер декреттік демалысқа шыққанға дейін әйел жұмыс істеген болса, онда жәрдемақы әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді және оның мөлшері оның кірісіне байланысты болады. Егер жәрдемақы алушы жәрдемақыны есептеу дұрыстығына шүбә келтірсе, оған мекен-жайы бойынша мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығынан түсінік алуы қажет. Бәлкім, үшінші сәбиіне жәрдемақы тағайындау кезінде ол үлкен екі баласының құжаттарын тапсырмаған болуы мүмкін.

26 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.