Атырау, 21 желтоқсан 19:55
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қарулы адам

2 370 просмотра

- Жақында сары мемлекеттік нөмірі бар ақ түсті «Жигули» көлігінен қаңғып жүрген иттерді атып жатқанын көрдім. Иттер құлаған соң белгісіз аңшы өлген итті көлігінің жүк салғышына салып алып, кетіп қалды. Бұл машина маған күдік туғызды. Әдетте, ондай нөмірлері бар машиналар шетелдік фирмалардікі болып саналады ғой. Мен, мәселен, ондай көліктердің жүргізушілері мен иелерінің бос уақытта осылайша ақша табатындығына сене қоймаймын. Байқасаңыздар, иттерді ату тұрғын үйлердің арасында болды, демек, күдікті аңшының жемтігіне кез-келген сәтте балалар мен үлкендер де айналар ма еді?! Болған жайттан соң мен бірден өз қаупіммен бөліспекші болып, «102» нөміріне қоңырау шалдым. Алайда, ондағы кезекшілер айтылған әңгімеме мән бере қойған жоқ. Мұндай селқостықпен мен бірінші рет кездесіп отырғаным жоқ. Бірде, жазда жағалауда қыдырып жүріп, су жағасынан суда байланып тұрған қапшықты көрдім. Сол кезде де мен полицияға қоңырау шалған едім, өзімінің байланысу нөмірлерімді қалдырғанмен тағы да ешқандай шара алынған жоқ. Соған орай менің мынадай сұрағым бар: Халықтан түскен телефон қоңырауларының аудио жазбалары жүргізіле ме?  Егер жүргізілсе, ол қанша уақытқа дейін сақталады?  

Бұл сауалға жауап алу үшін біз алдымен«Арнаулыавтобаза» КМК директоры Дулат ТҰРҒЫМБАЕВҚА жолықтық. Ол қаңғыбас иттерді ататын аңшылардың бірінің дәл сондай көлікпен жүретіндігін еске түсірді.

-Автокөліктің қайдан екендігін анықтау біздің құзырымызда емес. Аңшылардан құжаттар пакеті талап етіледі: Қалалық ІІБ арнаулы рұқсаты, аңшылық билеті, қаруға берілген рұқсат құжаттары. Осы құжаттар негізінде аңшымен келісім-шарттар жасалады. Әрбір өлген итке 570 теңге есебімен есеп жүргізіледі.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВА қырағы қалалықтың телефон қоңырауыныңқандай себеппен назардан тыс қалғандығын анықтауға уәде етті.

-Қалалықтар тарапынан болатын мұндай қырағылықтарға біздер қуанамыз. Халықтан түскен қоңыраулардың аудио жазбалары жүргізіледі, алайда, Алмагүл және Балықшы ықшам аудандарына интеллектуальды бейне камераларды орналастыруға байланысты (барлық коммуникациялар жедел басқару орталығына жинақталады) жүйеде үнемі ақаулар болып тұрады. Жалпы, телефон қоңырауларының жазбасы 2 аптаға дейін сақталады. Естеріңізге сала кетейін, биылғы жылы облыс орталығына бұған дейін орнатылған 53 бейне камераға тағы да 200 бейне камера қосылмақшы. Бұдан басқа, тағы да оқырмандарға айта кетейін, ІІД сенім телефондары жұмыс жасайды: 98-21-70, 98-20-18. Бұл телефондар арқылы қалалықтар болып жатқан барлық жағдайларға қатысты, жоспарланған қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы хабарлай алады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттерін бұзғандығы және этикасына қатысты да шағымдана алады.  

Дайындағандар Т. Сухомлинова, З. Искалиева, С. Тасболатова, Л. Сүлейменова.

19 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.