– 2003 жылы туған ұлымның туу туралы куәлігінде ЖИН көрсетілмеген. 21 мамырда біз Алматыға ұшақпен бармақшы едік, баламның ЖИН болмауы ішкі рейстерге билет алу барысында кедергі болмай ма?
Телефон арқылы
«Эйр Астана » АҚ PR-үйлестірушісі Тілек ӘБДРАХИМОВТЫҢ айтуынша, «Эйр Астана» АҚ жолаушылар және жүктерді әуеде тасымалдау ережелеріне сәйкесті жолаушылар билетін әуе компаниясының өкілетті тұлғалары жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсыну барысында рәсімдейді. Ол құжаттар республика азаматының төлқұжаты; жеке бас куәлігі; шетелдіктің Қазақстан Республикасында мекендеу қағазы; азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі; қашқындардың жеке бас куәлігі; туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған тұлғалар үшін); ұлттық төлқұжат (шетелдіктер үшін). Рейске жолаушыларды тіркеу барысында тасымалдаушы мына құжаттарды тексереді: билетті, төлқұжатты немесе жеке басты куәландыратын басқа да құжаттарды, жолаушылардың жеке бір санаттарын және олардың жүктерін (баланың туу туралы куәлігі, баланы тасымалдауға ата-аналарының, асырап алушылар, қамқоршылар немесе қорғаншылардың нотариальды расталған келісімдері) тасымалдау жағдайларын куәландыратын қажетті құжаттар. Билет сатып алу барысында баланың туу туралы куәлігінде ЖИН болуы міндетті емес.