Атырау, 23 желтоқсан 20:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Басқа жаңалықтар

Жедел жәрдемге көмек керек Басқа жаңалықтар

Жедел жәрдемге көмек керек

Құлсары қаласында жедел жәрдемге соңғы алты айда 13834 шақырту түскен. Жол-көлік оқиғасы бойынша 35 факт болса, 1970 жүрек, қан қысымы, 2113 нерв аурулары, 5329 адам тыныс жолдары бойынша шағымданған. Алайда шақыртулардың барлығына мерзімінде баруға мүмкіндік бола бермейді екен. Мұнайлы өлкедегі жедел жәрдем қызметінің жағдайын «АЖ» тілшісі қарап келді. Сурет Бейнежазба 23 шілде 2019, 10:50 5 779 рет қаралды
Жарты ғасырлық үйлердегі қоныстой Басқа жаңалықтар

Жарты ғасырлық үйлердегі қоныстой

Махамбет ауданы бойынша 853 адам баспана кезегінде тұрса, оның 353-і халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтар, 150-і көп балалы отбасылар, 37-і жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 294-і бюджеттік қызметкерлер, ал 19-ы үйлері апатты деп танылғандар. Жергілікті билік осы мәселені шешу үшін жаңа үйлер салумен бірге бюджет қаржысына бұрын пайдаланылған, ескі үйлерді сатып алып, тұрғындарға кейін сатып алу құқығымен жалға беруді қолға алған. Сурет 16 шілде 2019, 09:48 4 666 рет қаралды
Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны Басқа жаңалықтар

Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен хат алмасып, эпистолярлық қарым-қатынас жүргізгеннен кейін біз олардан бөлек басқа бір әлемде өмір сүріп жатырмыз-ау деген пайымға келдім. Біз және оқырмандарымыз тұратын әлемде дәрігерлер, тегін дәрі-дәрмектер жетіспейді, салалық маманға қаралу үшін алдын ала жазылсаң да, кезекті апталап күту керек. Ал Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жазбаша жауаптарында Грециядағы сияқты: бәрі бар. Жергілікті емханалар салалық мамандармен толық қамтылған, барлық препараттар жеткілікті, ешқандай дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. 16 шілде 2019, 13:28 4 012 рет қаралды
Қағаз көшірменің ақыры және куәлік алудың қиындығы Басқа жаңалықтар

Қағаз көшірменің ақыры және куәлік алудың қиындығы

2018 жылы Полиция департаментінде 9671 жүргізуші куәлігі берілсе, өткен жылдың желтоқсан айында Атырауда автокөлік иелері үшін ашылған арнайы ХҚКО-да биыл 33-і ғана берілген. Арасы жер мен көктей болған осы екі сан және орталықтың басқа да қызметтері туралы «“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау филиалының директоры Мұса ХАЙРУЛЛИЕВПЕН болған сұхбатта айтылды. Сурет 9 шілде 2019, 12:55 3 439 рет қаралды
20 жылдан соң: Атыраудағы орталық көпірге күрделі жөндеу жүргізіледі Басқа жаңалықтар

20 жылдан соң: Атыраудағы орталық көпірге күрделі жөндеу жүргізіледі

Қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінде «Атырау қ. орталық көпірді күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу» тақырыбында ашық жиын түрінде қоғамдық тыңдау өтті. Жоба әзір, бірақ жұмыстардың басталу мерзімі қаржыға байланысты белгісіз болып отыр. Сурет 5 шілде 2019, 21:02 3 619 рет қаралды
Уақыт кері айналғандай Басқа жаңалықтар

Уақыт кері айналғандай

Атырауда астанадағыдай жеңіл металл құрылымдарынан жасалған сауда павильондарын орнату орындары белгіленіп, конкурста жеңіп алған кәсіпкерлерге жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын ЕЛЕУСІЗОВ брифингте мәлімдеді. 26 маусым 2019, 14:39 3 431 рет қаралды
Тозақ торына түскендер Басқа жаңалықтар

Тозақ торына түскендер

2017 жылдың шілдесінен бастап Атырауда апиынды ауыстыру терапиясы бағдарламасы жүзеге асырылып келеді, яғни, героинге тәуелді нашақорлар синтетикалық метадон дәрісін қолдана бастады. Содан бері олардың өмірінде өзгеріс пайда болды, мұны пациенттердің өздері  растап отыр. 20 маусым 2019, 00:00 3 689 рет қаралды
«Жағажай бизнесі қиын әрі пайдасы жоқ» Басқа жаңалықтар

«Жағажай бизнесі қиын әрі пайдасы жоқ»

«Атырау» ДСК жанындағы орталық жағажайда орнатылмайтын болған ағаш дәретханалардың қазіргі хикаясы соңғы жылдардағы оның көңіл жабырқатарлық хикаясын еске түсірді. Қазіргі шомылу маусымына дейін ол «Сәрсекен» ЖК сенімді басқаруында болып, қала тұрғындарынан «құм жоқ, қоқыс жәшіктері мен шешінетін кабиналар аз, биодәретханалар лас» деп, көп шағымдар түсті. дегенмен, ЖК басшысы Жанар НҰРБАЕВАНЫҢ ахуалға өз көзқарасы бар екен. Қазір жағажай иесі ауысты. Ал мен жағажайға қызмет көрсету жұмыстары кезінде туындаған негізгі қиындықтар туралы сұрастыру үшін қайтадан Ж.Нұрбаевамен хабарластым (Ол үшін бұл мәселе өткеннің еншісінде қалды).  20 маусым 2019, 12:27 3 239 рет қаралды
Атырауда ҰБТ басталды: бұрынғыдай қарбалас жоқ Басқа жаңалықтар

Атырауда ҰБТ басталды: бұрынғыдай қарбалас жоқ

Бүгін, 20 маусымда Атырау облысында ҰБТ басталды. Облыс орталығында талапкерлер Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ ғимаратында тестілеуден өтті. Мен ҰБТ-ның өткізілуін көп жылдан бері бақылап жүрмін. Биыл емтихан төңірегінде айтарлықтай дүрлігіс жоқ екенін атап өту керек. Сурет 20 маусым 2019, 17:09 3 180 рет қаралды
Бұл жолы гүлдер кешікпес пе екен? Басқа жаңалықтар

Бұл жолы гүлдер кешікпес пе екен?

Атырауда гүл егіп жатыр. Биыл мұнайлы астананы көгалдандырумен «Каспийдормостострой» ЖШС айналысады. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жүзеге асуда. Осы жылы өткен жылға қарағанда ертерек бастады – былтырғы сәтсіз тәжірибеден сабақ алған болулары керек. 18 маусым 2019, 10:49 3 410 рет қаралды
Субұрқақсыз тағы бір жаз Басқа жаңалықтар

Субұрқақсыз тағы бір жаз

Атырауда көптен бері бұрқақтар жұмыс жасамай тұр. Бір жыл бұрын қалалық ТКШ бөліміндегілер олардың 2004-2006 жылдары салынғанын, ескіргендіктен олардың орнына жаңалары салынатынын хабарлаған болатын. Тіпті, жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Бірақ жұмыстардың баяу жүріп жатқаны сондай, атыраулықтар биыл да субұрқақсыз жазды өткізетін сияқты. Сурет 14 маусым 2019, 15:46 2 828 рет қаралды
"Халық жаулары" қыздарының қилы тағдыры Басқа жаңалықтар

"Халық жаулары" қыздарының қилы тағдыры

Жария болған архив материалдары бойынша, 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мыңнан астам адам кінәсіз сотталып, оның ішінде 25 мың адам ату жазасына кесілген. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тарихи-өлкетану музейі осындай қайғыға тап болған атыраулықтардың жанұясымен кездесу өткізді. Қызыл сталиндік қырғынға ұшыраған миллиондаған тағдырлардың екеуін ғана назарларыңызға ұсынамыз. Сурет 11 маусым 2019, 17:24 4 778 рет қаралды
Он төрт жыл бұрынғы берілген өтініштер бойынша жер беру басталады Басқа жаңалықтар

Он төрт жыл бұрынғы берілген өтініштер бойынша жер беру басталады

2019 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне 2005 жылы тіркелгендердің өтінімі қарала бастайды. 2005 жылы жер кезегіне 2572 адам тіркелген. Жер тек қала сыртынан ғана беріледі. Бұл туралы брифингте Атырау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ мәлімдеді. 8 маусым 2019, 16:02 5 369 рет қаралды
«АЖ» сауалнамалары: «Кино» көруді жалғастырмыз ба әлде елден кеткен жөн бе? Басқа жаңалықтар

«АЖ» сауалнамалары: «Кино» көруді жалғастырмыз ба әлде елден кеткен жөн бе?

Біздің оқырмандарымыз «АЖ» сайтының апта сайынғы сауалнамасының нәтижесі шартты екенін және негізінен осындағы дүниетанымы жоғары оқырманның ұстанымын сипаттайтынын түсінеді. Дегенмен біздің сауалнамаға қатысушылардың саны айтарлықтай көп (орта есеппен 700-800-ге жуық адам) және соңғы жыл ішіндегі (2018 жылдың шілдесінен бастап) сауалнама нәтижелері қатысушыларға ғана қызықты емес деп ойлаймыз. 7 маусым 2019, 11:06 3 289 рет қаралды
Атырау әкімдігі екі қабатты ескі үйлерді қолға алды Басқа жаңалықтар

Атырау әкімдігі екі қабатты ескі үйлерді қолға алды

Мемлекеттік сатып алу сайтында 2019 жылы Атырауда тұрғын үйлерді техникалық тексеруден өткізу тендері туралы хабарландыру жарияланды. Жоба орындаушысының міндетіне: Азаттық даңғылы №112, 116, 120, 122, 124, 130, 132, 141 «а», 155 «а», 171 «а», 179 «а»; Дружба көшесі №2, 8, 9, 10, 11, 12, 13; Әуезов көшесі 47 «а»; Суворов көшесі №1, 2 үй мекенжайларында орналасқан үйлердің сенімділігі мен орнықтылығын анықтау кіреді. 7 маусым 2019, 12:34 5 030 рет қаралды
Кішкентай ойшылдарға арналған үлкен турнир Басқа жаңалықтар

Кішкентай ойшылдарға арналған үлкен турнир

- Бүгінгі жеңісіме өте қуаныштымын, - деп сұрақтарыма жауап бере бастады 9 жасар Зарина НҰРҒАЛИЕВА сабырлы да нық үнмен. Шахматтан екі дүркін Азия чемпионы Заринамен ТШО компаниясының қолдауымен жетінші рет өтіп жатқан Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған дәстүрлі шахмат турнирінде кездескен едік. Сурет 6 маусым 2019, 10:25 4 095 рет қаралды
Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды Басқа жаңалықтар

Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Бүгін Атырау тұрғындары мен мекеме ұжымдары Жеңіс саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін жылдары солақай саясаттың құрбанына айналып, қудаланған жазықсыз жандарды еске алды. Сурет 1 маусым 2019, 10:06 3 401 рет қаралды
Шекарадағы ауыл Басқа жаңалықтар

Шекарадағы ауыл

Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының құрлық жағы Ресеймен шектесіп жатыр. Бұл өңірдің табиғаты ерекше, бір жақ қапталы құмды болса, келесі жағы көк майсаң. Өткен ғасырдың 30-жылдары Каспий теңізінің сағасы осы жерге дейін жетіп, жергілікті халық балық кәсіпшілігімен айналысқан екен. Кейін теңіз тартылып, бұл жер мал шаруашылығына ыңғайлы жер болып қалды. Сурет Бейнежазба 29 мамыр 2019, 11:43 11 303 рет қаралды
АӘК-тің салған әлегі Басқа жаңалықтар

АӘК-тің салған әлегі

Құрманғазы ауданы бойынша 1 сәуірден бүгінге дейін 367 отбасы 35 млн 432 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекке ие болды. АӘК-ке өтініш беру әлі жалғасып жатыр. Дегенмен жағдайлары ауыр болса да, бұл көмекті ала алмаған отбасылар да бар екен. «АЖ» тілшісі осындай екі отбасыға арнайы барып, жағдайларымен танысып қайтты. Сурет 29 мамыр 2019, 14:31 4 824 рет қаралды
Дәрі керек болса, қағазыңды ала бар Басқа жаңалықтар

Дәрі керек болса, қағазыңды ала бар

Осыдан бірер апта бұрын Атырау қаласындағы дәріханаларда еркін сатылған дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатпау туралы шешім шыққаннан кейін ҚР ҰҒА академигі, Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығының бас фармакологы Раиса КҮЗДЕНБАЕВА қаламызға арнайы келген еді. №3 емхана базасында ол жергілікті фармацевтермен кездесіп, оларға жұмыс істеудің қазіргі қағидаларын түсіндірді. Жалпы, бұл тек біздің аймақта ғана болып жатқан үрдіс болмас. Орталық шабармандары басқа да қалаларға барып, түсіндіріп жүрген болуы мүмкін. 28 мамыр 2019, 18:02 3 727 рет қаралды
Қала маңындағы ауылдар Атырауға қосылады Басқа жаңалықтар

Қала маңындағы ауылдар Атырауға қосылады

2016 жылы Атыраудың Бас жоспары бекітілді. Соған сәйкес, облыс орталығы негізінен қала маңындағы Талғайраң ауылының аумағында жоспарланған серігі - Лаэти қаласының (жақын жердегі көне қалашықтың атауымен) есебінен кеңейеді. Бұл туралы Атырау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын АРЫСТАНОВА брифингте хабарлады. 27 мамыр 2019, 11:52 4 733 рет қаралды
Бұрынғы химзауыттағы өрт Басқа жаңалықтар

Бұрынғы химзауыттағы өрт

23 мамырда таңертең Атырауда бұрынғы химия зауытының аумағында дәнекерлеу жұмыстарын жасау кезінде сыйымдылығы 500 текше метр бос резервуар өртенген. Алдын ала мәліметтер бойынша, резервуар ішіндегі мазут қалдықтары өрттің тұтануына себеп болған. 24 мамыр 2019, 15:08 2 438 рет қаралды
Жәмила СТЕХЛИКОВА: «Қазақстан енді бұрынғыдай болмайды» Басқа жаңалықтар

Жәмила СТЕХЛИКОВА: «Қазақстан енді бұрынғыдай болмайды»

Ғажайып тағдыры бар Жәмила СТЕХЛИКОВАНЫҢ ұлты - қазақ, Алматыда дүниеге келген. Мәскеуде дәрігерлік мамандығын оқып, сол жақта болашақ күйеуі - Чехословакия азаматымен танысып, 1988 жылы оның еліне кетеді. Сол жақта керемет медициналық, ең бастысы, саяси мансап сатыларынан өтіп, 2007-2009 жылдары Чех Республикасының адам құқықтары және ұлттық азшылықтар жөніндегі министрі және Үкімет жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңес төрағасы қызметтерін атқарады. Чехияның тегі чехиялық емес алғашқы әрі жалғыз министрі Жәмила өзінің тарихи отаны Қазақстанға қызығушылығын жоғалтқан емес. «АЖ» онымен еліміздегі соңғы саяси және әлеуметтік оқиғалар туралы сұхбаттасқан еді. 22 мамыр 2019, 15:05 5 049 рет қаралды
Стивен Спилберг суреттеген көрініс Басқа жаңалықтар

Стивен Спилберг суреттеген көрініс

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылындағы «Үлкен Ганюшкино» мен «Безымянный» ықшам ауданын Шарон өзенінің Бұзаусылан өзегі бөліп жатыр. Екі жағалауды ширек ғасыр бұрын салынған ұзындығы 82 метр жаяу жүргінші көпірі жалғастырып тұр. Бүгінде арғы бетке өту Индиана Джонстың шым-шытырық фильмдерін еске түсіреді. Сурет Бейнежазба 20 мамыр 2019, 14:49 5 792 рет қаралды
Литвада да екпеден діни сенімі үшін бас тартады Басқа жаңалықтар

Литвада да екпеден діни сенімі үшін бас тартады

Атырауға Литвадан жоғары білікті ортопед Виргилиюс УРБАНАВИЧЮС келіп, облыстық балалар ауруханасының базасында церебралды сал ауруы диагнозы бар екі балаға ота жасады. Ал бұған дейін профессор жергілікті әріптестерімен ортопедиялық патологияны хирургиялық емдеудің инновациялық әдістерімен бөліскен еді. «АЖ» тілшісі үшін ең қызықтысы екпе тақырыбы болды. Біздің Литвамен ұқсастықтарымыз осында екен. 17 мамыр 2019, 16:12 2 795 рет қаралды
«Арнаулы автобаза» экс-директоры мен орынбасары бес жылдан жаза алды Басқа жаңалықтар

«Арнаулы автобаза» экс-директоры мен орынбасары бес жылдан жаза алды

№2 Атырау қалалық сотында «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің бұрынғы директоры Самат ТҰРНИЯЗОВҚА, оның орынбасары Асқар ҚАЛДЫБАЕВҚА, «Sanjar Flowers» ЖШС директоры Ербол ҚУАНЫШ (Тұрниязовтың ұлы) пен Артур СҰЛТАНОВҚА қатысты өткен жылдың қарашасында басталған қылмыстық істі қарау процесі аяқталды. Тұрниязов пен Қалдыбаев орташа қауіпсіздік мекемесінде (жалпы режимдегі колония) 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. Қорытынды сот отырысының егжей-тегжейі туралы «АЖ» материалынан оқыңыз. Сурет Бейнежазба 7 мамыр 2019, 12:24 4 664 рет қаралды
Билетсіз жолаушылар және ескірген төсек-орын Басқа жаңалықтар

Билетсіз жолаушылар және ескірген төсек-орын

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері рейд барысында мұнайлы астанада жасақталатын №41 «Алматы-Атырау» пойызының вагондары жарты жылдан бері техникалық тексеруден өтпегенін, ал №16 және 17-вагондарда 2017 жылдан бері төсек-орын жабдығының жаңартылмағанын анықтады. Ал ол әр 6 ай сайын жаңартылуы тиіс. 3 мамыр 2019, 10:18 4 554 рет қаралды