Атырау, 24 қараша 18:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Субұрқақсыз тағы бір жаз

Сурет
2 715 просмотра


Атырауда көптен бері бұрқақтар жұмыс жасамай тұр. Бір жыл бұрын қалалық ТКШ бөліміндегілер олардың 2004-2006 жылдары салынғанын, ескіргендіктен олардың орнына жаңалары салынатынын хабарлаған болатын. Тіпті, жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Бірақ жұмыстардың баяу жүріп жатқаны сондай, атыраулықтар биыл да субұрқақсыз жазды өткізетін сияқты.

Жақында «Ақ Жайық» қонақ үйінің алдындағы «торт» деп аталатын қаланың негізгі субұрқағы алдында әлдебір жұмыстар басталып, күміс жылтырақтар алынып тасталды. Біз қалалық әкімдікке хабарласқан едік, баспасөз қызметі қазіргі кезде демеуқаржы есебінен бұрқақты қайта жарақтауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын хабарлады. 


Қаламызда барлығы 31 бұрқақ бар. Оның 12-сі Исатай мен Махамбет алаңында орналасқан. Олар сол жерде жүріп жатқан жөндеу жұмыстары барысында жаңартылады.

- Авангардта Жеңіс бағындағы;

- Жилгородокта «Құрманғазы» МС ғимараты алдындағы;

- Балықшыда Құнанбаев көшесіндегі;

- Қ.Смағұлов атындағы аллеядағы;

- Құрманғазы аллеясындағы екі бұрқақ құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген.

Осы 6 нысан бойынша (қалған 12-сінің тағдыры әзірге белгісіз) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Мердігерлер анықталып, бюджеттен 201 млн теңге бөлінді. Жұмыстарды тек келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр. Ал әзірге бұрқақтарсыз тағы бір жаз өтпек.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді түсірген автор

14 маусым 2019, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.