Атырау, 24 қараша 20:49
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаз субұрқақсыз өтеді

Сурет
3 397 просмотра

Күн ысып, жаз мезгілі келсе де мұнай астанасындағы субұрқақтардың бірде-біреуі жұмыс істемейді. Қалалық ТКШ бөлімінің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі Ақесен ИБРАГИМОВТІҢ айтуынша, 2004-2006 жылдары салынған субұрқақтар толығымен істен шыққан. Сондықтан әр жерде орналасқан ескі 27 субұрқақтың орнына  жаңалары салынады.

- Жобалау құжаттары қазір құрылыс бөлімінде қаралып жатыр. Олардың қашан салынатындығын солар ғана біледі.

- Демек, биыл ескі субұрқақтар іске қосылмайды ғой?

- Иә, іске қосылмайды.

Батыржан МУСАКАЕВ

Қалалық құрылыс бөлімінің маманы Батыржан МУСАКАЕВ қазіргі заманға сай үлкен субұрқақтарды салуға жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленгенін растады.

- Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының қашан басталатынын тап басып айтып бере алмаймын. Жоблар сараптамадан өтіп, құрылыс құны анықталған соң қаражат бөлуге облыстық мәслихатқа өтінім береміз. 

Атап өту керек, жаңа субұрқақтар бұрынғы орындарына салынады. Тек Балықшыда «Аққу» дүкенінің қасынан жаңадан субұрқақ пайда болады. Ал Смағұлов аллеясындағы ескі субұрқақтың орнына қатарынан 4 субұрқақ салынады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суреттерді түсірген автор

16 мамыр 2018, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.