Атырау әкімдігі екі қабатты ескі үйлерді қолға алды
5 018 рет қаралды
"АЖ" мұрағатынан алынған суретМемлекеттік сатып алу сайтында 2019 жылы Атырауда тұрғын үйлерді техникалық тексеруден өткізу тендері туралы хабарландыру жарияланды. Жоба орындаушысының міндетіне: Азаттық даңғылы №112, 116, 120, 122, 124, 130, 132, 141 «а», 155 «а», 171 «а», 179 «а»; Дружба көшесі №2, 8, 9, 10, 11, 12, 13; Әуезов көшесі 47 «а»; Суворов көшесі №1, 2 үй мекенжайларында орналасқан үйлердің сенімділігі мен орнықтылығын анықтау кіреді.
Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясының бастығы Қайрат ХАБИЕВТІҢ айтуынша, 50-ге жуық көпқабатты (негізінен 2 қабатты) ескі үйлердің техникалық жай-күйі туралы актілер жоқ болып шықты. Әкімдік олардың 21-ін тексеру үшін 11 млн теңге бөлді, қалғандарының кезегі кейінгі жылдары келеді.
- Егер үйлер апатты деп танылса, олар қашан күреледі?
- Күреу жұмыстары көшіруге дайын баспана болған кезде жүргізіледі.