Атырау, 24 қараша 17:31
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

20 жылдан соң: Атыраудағы орталық көпірге күрделі жөндеу жүргізіледі

Сурет
3 386 просмотра

Қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінде «Атырау қ. орталық көпірді күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу» тақырыбында ашық жиын түрінде қоғамдық тыңдау өтті. Жоба әзір, бірақ жұмыстардың басталу мерзімі қаржыға байланысты белгісіз болып отыр.

Алдымен аз ғана хикаясына тоқталсақ. «Гипрокоммундортранс» институтының жобасы бойынша салынған Гурьевтегі орталық көлік көпірі 1965 жылы пайдалануға беріліп, қала тұрғындарына лайықты қызмет көрсетті. Бірақ еш нәрсе мәңгі емес қой. 1998 жылы жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша оның жай-күйі қауіпсіз пайдалану және төзімділігі бойынша қанағаттанарлықсыз деп танылды. Осыған байланысты оның бүкіл құрылымын жөндеу қажет деген шешім қабылданды. 1999 жылдың сәуірінен қыркүйегіне дейінгі кезеңінде бұл жерде бүкіл көпір төсемінің барлық бөліктерін толықтай ауыстыруды қамтитын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сол кезде жобаны «ПроектМостореконструкция» институты (Саратов) әзірлеп, ал бас мердігері «BonitaEngineering» ЖШС болды. Осы бірнеше айда қала тұрғындары арнайы ұйымдастырылған жолаушылар катерімен өзеннен өтіп жүрді. Содан бері 20 жыл өтті.


МӘСЕЛЕ ҚҰНЫ - МИЛЛИАРД

Бұл жолы бастапқыда тек көпірдің ескірген бірнеше элементтерін ғана ауыстырмақ болды. Бірақ кейін бұл анағұрлым ауқымдырақ жобаға айналды:

- Әкімдікте жөндеу жүргізу керек болса, оның қасбетін де ауыстыру керек деп есептейді, - дейді қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрбек МОНТАЕВ. 

Оның айтуынша, ескі бетон қоршауларды ауыстыру жоспарланған, сонымен қатар, жаяу жүргіншілер аймағында декор ретінде бедерлі элементтері бар жабық учаскелер пайда болады.  Бұл жерде тұрғындар Атыраудың шыжыған күн сәулесінен қорғанбақ. Көлік жолының да, жаяу жүргіншілер аймағының да жол төсемі толығымен ауыстырылады. Құрылымның нақты құны тек жобалау құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін ғана белгілі болмақ, бірақ шамамен 1 миллиард теңге туралы әңгіме қозғалып жатыр.

- Сараптама қорытындысынан кейін мердігерді анықтап, мәслихаттан қажетті соманы сұраймыз. Егер бөлсе, бірден жұмысты бастаймыз. Егер бөлінбесе, келесі жылы жобаны мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жүзеге асыруға тырысамыз, - дейді Н.Монтаев.


КӨПТІ КӨРГЕН КӨПІР

Наурызда орталық көпірден секірмек болған қызды екі полицейдің құтқармақ болып ұмтылып, бірінің қаза болғаны барша жанның есінде шығар. Сәуірде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында «Келешек Атырау» бірлестігінің төрағасы Олжас Сұлтанов қаладағы бүкіл көпірлердің жанынан осындай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін стационарлық бекеттер орнатуды ұсынған еді. Оған көпірлерден арнайы тосқауылдар орнату жоспарланып отырғанын айтты. Рас, әзірге бұл туралы ештеңе айтылып жатқан жоқ.

- Бұл жобада осындай тосқауылдар қамтылған ба?

- Әзірге тосқауылдар қарастырылмаған. Бұдан әрі қалай болатынын көреміз, - деп жауап берді Н. Монтаев.

- Сараптама қанша уақыт алады?

- Әдетте қарап шығуға 45 күн және басқа құжаттарды жинауға тағы бірнеше күн кетеді. Екі айдай уақыт.

- Күрделі жөндеудің өзіне қанша уақыт кетеді?

- Жалпы уақыт 6 ай. Бірақ орталық көпір осы уақыт бойы жабық тұрмайды, шамамен бір айдай жабылатын болар.

Анастасия АЛЮШИНА

Суреттерді түсірген автор

5 шілде 2019, 21:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.