Макс Боқаев Талғат Аян арқылы "Ақ Жайық" оқырмандарына сәлем жолдады:
Ертең саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Түрмеде отырған Макс Боқаев телефонмен хабарласып, дос-жаранға төмендегідей өтініш айтты: Ол түрмеде отырған кезде қайтыс болған Әбділдә Мұқашев, Розлана Таукина, Шәріп Құрақбай, Юрий Криводанов, Мақсат Досмағамбетовтың қазасына отбасыларына көңіл айтатынын жеткізіп, және ертең оларды еске алып, аттарын атауды өтінді. "Әбділдә Мұқашев, Розлана Таукина, Шәріп Құрақбай, Юрий Криводанов, Мақсат Досмағамбетов өз өмірлерін азаматтық қоғам құру, демократия жолына арнаған" - деді. Түрме тәртібі бойынша уақыт шектеулі болғандықтан айтып үлгергені осы. Баршаңызға сәлем!
Талғат Аян, Facebook-тегі парақшасынан
Жазбаның орфографиясы сақталған