«Атырау» ДСК жанындағы орталық жағажайда орнатылмайтын болған ағаш дәретханалардың қазіргі хикаясы соңғы жылдардағы оның көңіл жабырқатарлық хикаясын еске түсірді. Қазіргі шомылу маусымына дейін ол «Сәрсекен» ЖК сенімді басқаруында болып, қала тұрғындарынан «құм жоқ, қоқыс жәшіктері мен шешінетін кабиналар аз, биодәретханалар лас» деп, көп шағымдар түсті. дегенмен, ЖК басшысы Жанар НҰРБАЕВАНЫҢ ахуалға өз көзқарасы бар екен. Қазір жағажай иесі ауысты. Ал мен жағажайға қызмет көрсету жұмыстары кезінде туындаған негізгі қиындықтар туралы сұрастыру үшін қайтадан Ж.Нұрбаевамен хабарластым (Ол үшін бұл мәселе өткеннің еншісінде қалды).
- Қаржылық тұрғыда қиын болды. Бізге жағажайды 5 жыл мерзімге сенімді басқаруға берді. Көпшілігі біз бұдан көп табыс тапты деп ойлайды. Бірақ 5 жыл көп сияқты көрінеді. Осы уақыт ішінде табыс таппақ түгілі, жұмсаған шығындарыңды өтей алмайсың, - дейді Жанар.
- Қандай негізгі қаржылық шығындар болды?
- Құмнан бастайық. ПГС тиелген бір КамАЗ 50 мың теңгедей тұрады. Бірақ тек біреуі аз болады, бірнешеуі керек. Алайда бұл мөлшер бәрібір ұзаққа жетпейді. Біріншіден, ағыс шайып кетеді, екіншіден, жел ұшырады. Бірақ ақшаның басым бөлігі жалақы төлеуге кетеді. Мәселен, бір құтқарушы айына жүз мың теңге сұрайды. Ал менің штатымда төрт құтқарушы болды. Әрі қарай тазалаушыға да айына жүз мың теңге төледім. Коммуналдық қызметтер үшін қомақты есепшоттар келетін...
- Ал құтқарушыларға арнайы дағдылары бар мамандарды жалдадыңыз ба? Себебі осы жерде жүргендердің барлығы жасөспірімдер екен.
- Бұл жұмысқа шығар алдында ТЖ курстарынан өтіп, сертификат алып жүрген спортшылар.
- Бұл бизнес туралы қазіргі ойыңыз қандай?
- Қиын әрі пайдасы жоқ. Тұрғындар да тазалықты онша сақтамайды. Жағажайда арнайы қоқыс салатын жәшіктер орнатып қойсақ та, ішкен-жегендерін отырған жерлеріне тастап кете береді. Кейін өздері жағажай ластанып кетті деп ренжиді...
Анастасия АЛЮШИНА
Суреттерді түсірген автор