Атырау, 24 қараша 10:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Экологиялық диверсия» ма әлде дұрысы осы ма?

Толықтырылды
3 239 просмотра


Әлеуметтік желілерде «Атырау» ДСК жанындағы жағажай қызу талқылануда.  Ол жерге ағаштан жасалған, едені ойылған қарапайым 4 дәретхана орнатылған. Кейбіреулер оны мысқылмен «инсталляция», «перфоманс», «артхаус» деп атаса, енді бірі тұнжырап, бұл «экологиялық диверсия» дейді. «AЖ» тілшісі сол жердегі «диверсанттармен» кездескен еді. Бір қызығы, олардың өз уәждері бар екен.

Жағажайда «Евразия КҚО» ЖШС қызметкерлері жұмыс жасайды. Биыл қала тұрғындарының демалыс нысанын осы мекемеге 15 жылға сенімді басқаруға берген.

- Біз биодәретханаларды орнатқымыз келмеді. Өйткені олар тез ластанады, оған бес адам кірсе, бітті, сол жетіп жатыр... Осы жақында Балықшылар күнін атап өттік. Жағаға биотдәретхана орнатқан едік. Ондағы мүңкіген иістен балықшылардың ешқайсысы ол жерге кері кіре алмады, -  дейді Әлімжан есімді жұмысшы. – Төрт септик орнатып, ішіне бетон құйдық, бүкіл жігін тығыздап сылап тастадық. Топыраққа бірде бір тамшы кетпейді. Сорып алу үшін вакуум жалдаймыз, ол бұл жерден өте алады.

- Олар (пайдаланушылар) бізді жерге шұңқыр қазып, оған дәретхана орнатады деп ойлаған шығар, бірақ олай емес, - дейді Әлімжанның әріптесі.

ДСК маңындағы жағажайда орналасқан және жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған ағаш дәретханаларға қатысты хикаяға қисынды нүкте қойылды.

Бүгін таңертең қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Әлия ЖАМИТОВА бәрін рет-ретімен баяндап берді.

- Атыраудағы орталық ДСК алдында орналасқан жағажайды 23 мамырдан бастап «Евразия» Кәсіпкерлерді қолдау орталығы» ЖШС 15 жылға сенімді басқаруға алған. Бұл жағажайдағы ағаш дәретханаларды орнату жұмыстары заңсыз және өкілетті органдар мен қалалық әкімдіктің келісімін алмаған. Жағажай аумағы су қорғау аймағы болғандықтан бұл дәретханаларды алып тастау ұсынылды. Олардың орнына компания шомылу кезінде қала тұрғындарына қолайлы болу үшін биодәретханалар орнатуды міндетіне алды, - деп түсіндірді Әлия.

Баспасөз хатшысының айтуынша, таяу күндері жағажайға құм себіліп (қазір жағаға топырақ төгіп тастаған), киім шешетін орындар орнатылады.



Анастасия АЛЮШИНА

Суреттерді түсірген автор

19 маусым 2019, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.