Атырау, 7 желтоқсан 04:17
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Желмен ұшқан жағажай

Сурет
3 350 рет қаралды


Атырауда шомылу маусымы 15 маусымда ашылды, бірақ жергілікті жағажайлар оған әдеттегідей нашар дайындалған. Бұл ешқашан өзгермейтіндей.

«БІЗ ҮНЕМІ ЖУЫП ТҰРАМЫЗ»

ДСК жанындағы жағажай 2022 жылға дейін «Сәрсекен» ЖК-ге сенімгерлікпен басқаруға берілген. Әлеуметтік желілерде жыл сайын өзгермейтін талаптар айтылып жатады: құм жоқ, қоқыс жәшіктері мен киім ауыстыруға арналған кабиналар аз, биодәретханалар лас.

«АЖ» тілшісі «Сәрсекен» ЖК басшысы Жанар НҰРБАЕВАМЕН хабарласқан еді.

- Биыл жағажай аумағын тегістедік, бес машина құм әкеліп төктік, оның үшеуін балалар ойнайтын төбешікке арнадық, - дейді Нұрбаева.

- Бірақ қала тұрғындары құм жоқ деп шағымданады ғой. Бұл қалай болғаны?

- Ол сумен шайылып кетеді, желмен ұшады.

- Мәселен, жерге сүлгі төсеп жатып, күнге қыздырыну мүмкін емес, қатты әрі ауыртады...

- Жалға жатақ алыңыз, сағатына 200 теңге тұрады. Бұл да ақша боп па? Ал жатақ ақ, таза.

- Биодәретханалардың жай-күйіне де шағымдар көп.

- Биодәретханалар таза, олар күніне 20 рет жуылады.

- Бәлкім, демалушыларға қолайлы болу үшін кем дегенде бірнешеуін орнату керек шығар?

- Жақсы, біз жақын арада солай жасауға тырысамыз.


«МАЛИБУ» СҰЛУЛЫҒЫ

Өткен жылдың наурыз айында Жилгородкадағы «Малибу» деген еліктірер атауы бар жағажай «Мустафин» ЖК-ге 2022 жылға дейін сенімгерлікпен басқаруға берілді. Өкінішке орай, ЖК басшысымен байланысу мүмкін болмады. Ал әлеуметтік желілерде бұл жағажайға қатысты да  осындай шағымдар толы: «Медициналық персонал жоқ, су түбі тазаланбаған. Құм жоқ. Беседкалар ескі, олар жеткіліксіз»; «Атырау шенеуніктері қалай ұялмайды? Туған қалаңызды жақсартуды қаламайсыздар ба?».

Анастасия АЛЮШИНА

Суреттерді түсірген автор

6 шілде 2018, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.