Атырау, 24 қараша 22:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Билетсіз жолаушылар және ескірген төсек-орын

4 424 просмотра


Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері рейд барысында мұнайлы астанада жасақталатын №41 «Алматы-Атырау» пойызының вагондары жарты жылдан бері техникалық тексеруден өтпегенін, ал №16 және 17-вагондарда 2017 жылдан бері төсек-орын жабдығының жаңартылмағанын анықтады. Ал ол әр 6 ай сайын жаңартылуы тиіс.

- Бұдан басқа 6 вагонда дәретхана қағазы мен сабын, ауыз су жоқ, - деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша агенттік департаментінің баспасөз қызметінде. Айта кету керек, өткен жылдың күзінде "АЖ" тілшісі осы пойызбен сапарлатып, ескірген төсек-орын жабдығына назар аударған болатын.

Ал бірер апта бұрын «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалының қызметкерлері осы пойыздан жолсерікке жол жүру ақысын төлеген 12 жолаушыны анықтады.

- Осыдан бір жыл бұрын компанияда билетсіз жолаушылар мен рәсімделмеген жүктерді тасымалдауға байланысты заңға қайшы әрекет жасаған қызметкерлерге «мүлдем төзбеушілік» саясаты енгізілді. Осы кезең ішінде пойыз бригадаларының 100-ден астам қызметкерлері, соның ішінде, пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

3 мамыр 2019, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.