Атырау, 28 наурыз 18:35
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ең ұзақ жол

2 387 просмотра
Көрнекі сурет

Арыстағы апат БЦС-ға (балалардың церебралды сал аруы) шалдыққан  балаларын оңалтқаннан кейін оңтүстік астанадан «Алматы – Атырау» пойызымен алып келе жатқан атыраулық әйелдерге де ызғарын тигізіп өтті.

- 24 маусымда таңертең пойызға отырдық. Күндізгі сағат үштерде жолсерік Шымкентте кідіруіміз мүмкін екенін, өйткені «Арыста үлкен өрт болып жатыр» деп ескертті. Осыдан кейін интернетке кіріп, осы жағдайдан хабардар болдық, - деп әңгімелейді 4 жасар Көркемнің анасы Жұлдыз СЕРІКҚАЛИЕВА.

Жолсерік азық-түлік пен суды молырақ алу керектігін ескертті. Состав Шу станциясына тоқтап, сол жерде 5 сағаттай тұрды. Тараз бен Шымкенттің жолаушыларын арнайы автобуспен үйлеріне жіберді. Пойызда тек атыраулықтар ғана қалды.

- Кешке таман пойыз қозғала бастады, бірақ біз қайда бара жатқанымызды білмедік. Кейін жолсерік пойыз бағытының өзгергенін, Қарағанды арқылы Жезқазғанға жүретінімізді айтты. Интернет те жоғалып кетті, туыстарымыз біздің қай жерде екенімізді білмеді, - деп еске алады Жұлдыз. Су да, азық-түлік те болмады, ыстықтан балалардың дене мүшелері құрысып, құса бастады.

- 26 маусымда таңертең ертемен Мақат станциясына жеттік. Ол жерде бізді жедел жәрдем бригадасы күтіп алды. Педиатр, хирург, кардиолог пен невролог, аудандық аурухананың бас дәрігері болды. Бізді тамақтандырды. Біраздан соң өз-өзімізге келіп, тынышталдық. Бірақ бұл сапар ұзақ есімде қалатын шығар... - дейді Жұлдыз.   

Ал бұл апатқа бей-жай қарамаған Атырау тұрғындары қолдарынан келгенше Арысқа қол ұшын беруде. «Дина» сауда орталығының директоры Нұрлан ТӘУЕКЕЛ хабарлағандай, мұнайлы өңірден алғашқы гуманитарлық жүк - 20 тонна азық-түлік, гигиена құралдары мен өте қажет басқа да заттар 25 маусымда жөнелтілген. Бұдан басқа, апат болған жерге жергілікті еріктілер тобы барды.

Фархат ӘБІЛОВ

1 шілде 2019, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.