Атырау, 22 желтоқсан 20:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Басқа жаңалықтар

Ұлы есімдер мұражайда сақталады Басқа жаңалықтар

Ұлы есімдер мұражайда сақталады

Атырауда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Нариман Үлкенбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай халық музей қызметкерлері арасында республикалық байқау өтті. Оған еліміздің әр өңірінен мәдениет қызметкерлері қатысты. 5 маусым 2019, 13:31 3 012 рет қаралды
Масаның мүсіні де болмау керек Басқа жаңалықтар

Масаның мүсіні де болмау керек

Атыраудағы Ретро парк бұдан жыл жарым бұрын салынып, күтіп-баптау үшін «Атырау қалалық мәдениет және демалыс саябағы» КМК құрылған еді. Алайда шаруа үйлеспеді ме, қаладағы әдемі жерлердің бірі бүгінде қараусыз қалғандай күйде. Ал жақында саябақты «Трава у дома» ЖШС сенімгерлік басқаруға алды. Жеке кәсіпкер Татьяна ТЕГАЙДЫҢ бұл жерге қатысты жоспары көп және екі жылдың айналасында бұл жердің құлпыратынына сенімді. Сурет Бейнежазба 5 маусым 2019, 16:17 5 737 рет қаралды
Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды Басқа жаңалықтар

Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Бүгін Атырау тұрғындары мен мекеме ұжымдары Жеңіс саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін жылдары солақай саясаттың құрбанына айналып, қудаланған жазықсыз жандарды еске алды. Сурет 1 маусым 2019, 10:06 3 399 рет қаралды
Білектілер алаңға шықты Басқа жаңалықтар

Білектілер алаңға шықты

Атырауда алғаш рет жергілікті жекпе-жек федерацияларының қатысуымен жауынгерлік спорт өнері фестивалі ұйымдастырылды. Спортшылар Сұлтан Бейбарыс алаңында карате түрлері, муай-тай, кикбоксинг, ММА, панкратион, грепплинг, у-шу, белбеу күресі, самбо, таеквондо, жекпе-жек сайысы, джиу-джитсу бойынша өнерлерін көрсетті.  Сурет 27 мамыр 2019, 11:31 2 324 рет қаралды
Сертификатың болмаса, дәрігер емессің Басқа жаңалықтар

Сертификатың болмаса, дәрігер емессің

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті жүргізген тексеруден кейін елімізде медицина саласының 484 маманы қызметті сертификатсыз жүзеге асырып келгені үшін жұмыстан шеттетілді. Оның ішінде Атырау облысының 55 қызметкері бар. Бұл туралы Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім  басшысы Светлана ЖҮНІСОВА брифингте хабарлады. 27 мамыр 2019, 11:43 3 513 рет қаралды
Қош бол, мектебім! Басқа жаңалықтар

Қош бол, мектебім!

Бүгін, 25 мамырда Атырау облысының барлық мектептерінде «соңғы қоңырау» соғылды. Биыл облыс бойынша 5133 оқушы мектеп бітіріп, түлектердің 190-ы "Алтын белгіге", 152-сі "Үздік аттестатқа" үміткер. Ал Атырау қаласында 61 бала "Алтын белгіден", 85-і "Үздік аттестаттан" үмітті. «АЖ» қаладағы бірнеше мектепте болып, осы шараның куәгері болды. Сурет 25 мамыр 2019, 18:41 6 806 рет қаралды
Түнгі музейдегі ғашықтар Басқа жаңалықтар

Түнгі музейдегі ғашықтар

Халықаралық музейлер күнін жергілікті мұражайлар жылдағы дәстүр бойынша «Музей түні» шарасымен атап өтті. Бұл күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбымен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері, ұлттық спорттық ойындар, диірмен тартудан шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, шараға келушілер «Қыз Жібек пен Төлеген» экспозициясының ашылуына қатысты.  Сурет Бейнежазба 23 мамыр 2019, 16:13 5 364 рет қаралды
Археологтар Сарайшықтан көне цитадельді іздеп жатыр Басқа жаңалықтар

Археологтар Сарайшықтан көне цитадельді іздеп жатыр

Археологтар ХІХ ғасырдың ортасында саяхатшы картасына түскен көне цитадельді табу үшін Сарайшық қаласының аумағында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жаңалықпен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Әбілсейіт МҰХТАР пресс-тур кезінде бөлісті. Сурет 22 мамыр 2019, 09:52 6 078 рет қаралды
Фин концлагері және бүкіл ғұмыр Басқа жаңалықтар

Фин концлагері және бүкіл ғұмыр

Атырауда сәби шағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фин концлагерінде болған Екатерина АБАТЫРОВА тұрады. Ол өзінің соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі өмірінің ауыр кезеңдері туралы «АЖ» тілшісіне әңгімелеп берген еді. Сурет Бейнежазба 9 мамыр 2019, 09:00 3 945 рет қаралды
Жалғансайлық батырдың жанқиярлық ерлігі Басқа жаңалықтар

Жалғансайлық батырдың жанқиярлық ерлігі

«Взвод командирі Ж. Жұмашев 1944 жылғы 14 шілдеде Любомль қаласына алғаш кіріп, бір өзі автоматымен он тоғыз солдаттың көзін жойды, үшеуін тұтқынға алды…» - бұл Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Жәміл ЖҰМАШЕВТЫ ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапаттау парақшасында жазылған мәлімет. Батыр туралы осы және басқа да мәліметтерді, сондай-ақ «Совет Одағының батыры» атағына ұсынған құжатты туыстары тек 70 жылдан соң ғана тапқан екен. 8 мамыр 2019, 10:53 4 476 рет қаралды
Ораза қабыл болсын ұстаған жан! Басқа жаңалықтар

Ораза қабыл болсын ұстаған жан!

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы 2019 жылғы рамазан айының ораза және намаз кестесін жариялады. Биыл рамазан айы 6 мамырдан 4 маусымға дейін 30 күнге созылады. Қасиетті Қадыр түні - Ләйләт-ул-Қадір 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні деп болжанып отыр. Айт намазы 5 маусымда жергілікті сағат 7:00-де оқылады. 5 мамыр 2019, 15:30 8 003 рет қаралды
Үмітке толған жанары Басқа жаңалықтар

Үмітке толған жанары

26 сәуірде Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен зағип жандар арасында «Үміт жанары» атты батыс аймақтық ән орындаушылар фестивалі өтті. Байқауға Атырау, Ақтау және Ақтөбе облысынан 16 мен 30 жас аралығындағы 9 үміткер қатысты. Бейнежазба 29 сәуір 2019, 17:18 4 240 рет қаралды
Ақын және журналист Басқа жаңалықтар

Ақын және журналист

25 сәуірде Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Халықаралық жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын Төлеген ЖАҢАБАЙДЫҢ «Ізім жатыр даламның ой, қырында» атты шығармашылық кеші өтті. Сурет 27 сәуір 2019, 10:12 5 391 рет қаралды
Ұлы даланың жас мұрагерлері Басқа жаңалықтар

Ұлы даланың жас мұрагерлері

22 сәуірде Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық кеші өтті. Жастар жылына орай өткізілген шара мектептегі дарынды жастардың ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбиедегі жетістіктеріне арналды. Сурет 24 сәуір 2019, 09:28 6 094 рет қаралды
Атыраудың аруы Басқа жаңалықтар

Атыраудың аруы

Атырау қаласында өткен «Мисс Атырау 2019» сұлулық байқауының финалында 17 жастағы атыраулық бойжеткен Асылжан НУРАЛИНА жеңімпаз атанды. Көз тартар сыртқы көріктеріне өнерлері жарасқан, тіпті Калашников автоматын тез шашып-құрастыра алатын хас сұлулар арасында бәсеке қатты болды.  Сурет 6 сәуір 2019, 19:15 4 097 рет қаралды
Бір құбырға тәуелді Басқа жаңалықтар

Бір құбырға тәуелді

13 наурыздан бері Привокзальный 5-ықшамаудандағы бес қабатты №10 үйдің төрт пәтеріндегі тұрғындар екі аптадан астам уақыт газсыз қалды. Өйткені газ келетін тікқұбырдың бойындағы бір пәтер ғана бос тұрған еді. Бұл хикая ақылға сыйымсыз көрінгенмен, тұрғындардың көпшілігіне қатысты болуы мүмкін. Сурет 3 сәуір 2019, 10:18 2 523 рет қаралды
«Технодом» көрісуге барып, сыйлық таратты Басқа жаңалықтар

«Технодом» көрісуге барып, сыйлық таратты

Көктем мен жаңа жылдың басы - Көрісу мейрамында қазақ халқы қыстан қымтырылмай шыққанына қуанып, құшақтасып-көрісіп, бір-біріне кәде-сыйларын жасайды. Атаулы мейрамды биыл қазақстандық электроника және тұрмыстық дүкендер желісі - «Технодом» да елеусіз қалдырмады. PR Сурет Бейнежазба 27 наурыз 2019, 12:11 4 455 рет қаралды
Атырауда тағы 11 көше кеңейтіледі Басқа жаңалықтар

Атырауда тағы 11 көше кеңейтіледі

Биыл Атырау қаласындағы басты 11 көшені - Маденов, С.Датов, Құрманғазы, Бейбарыс, Р.Ғабдиев, Азаттық, Амандосов, Ғұмаров, Әуезов, Уәлиханов және Гагарин көшелерін кеңейту жұмыстары басталады.  Бұл туралы БАҚ өкілдерімен болған брифингте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат НҰРТАЕВ мәлімдеді. 26 наурыз 2019, 16:21 3 371 рет қаралды
Атыраудағы көгершіндер көрмесі Басқа жаңалықтар

Атыраудағы көгершіндер көрмесі

23 наурызда Атырауда алғаш рет халықаралық көгершіндер жәрмеңкесі өтті. Шараға Ақтөбе, Орал, Ақтау, Тараз, Қызылорда қалалары мен Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен жүздеген құсшы келіп, 500-ге тарта спорттық, көркемдік және ойын көгершінін көпшілік назарына ұсынды. Сурет Бейнежазба 25 наурыз 2019, 13:49 5 486 рет қаралды
«Биыл мұнайлы астанадан мың адам жер алады» Басқа жаңалықтар

«Биыл мұнайлы астанадан мың адам жер алады»

Атырау облысында 111 764 азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесінің кезегінде тұр. Оның ішінде ең көбі Атырау қаласында - 86963, Жылыойда 10958 адам, ал ең төмені - Исатай ауданында 500 адам тіркелген. Бұл туралы брифингте Атырау облысы жер қатынастары басқармасының  басшысы Әлібек ЕРМЕКҚАЛИ мәлімдеді. Биыл 2257 азамат кезегі бойынша жер теліміне қол жеткізеді.  Оның ішінде 1000 қала тұрғыны Зарослый, Көкарна, Водников-2 және 3, Еркінқала-2 және Еркінқала-3 елді мекендерінен жер алмақ. 20 наурыз 2019, 14:20 2 684 рет қаралды
Атырау Көрісуді атап өтті Басқа жаңалықтар

Атырау Көрісуді атап өтті

Көктем мерекесі 12-13 наурызда өткен айтыспен басталды.  Ақындар батыста тойланатын осы ерекше көрісу мейрамын жырға қосып, жалпыхалықтық мереке ретінде тойлау керек деп ұсыныс жасады. Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы да айтылмай қалмады. КСРО халық әртісі Асанәлі ӘШІМОВ бастаған әділ қазылар бас жүлде мен 2 миллион теңгені қарағандылық Дидар ҚАМИЕВҚА табыс етті. Сурет Бейнежазба 19 наурыз 2019, 11:10 4 099 рет қаралды
Қырсық валидатор Басқа жаңалықтар

Қырсық валидатор

Жексенбіде Шалқыма аялдамасынан №12 автобусқа отырып, жолақыны карточка арқылы валидаторға төледім. Енді шамамен сағат жарым уақыттан кейін кері жолға шығып, аялдамада тұрсам, жаңағы мінген автобусым келе қалды. Кондукторға карточка берсем, "валидатор арқылы күніне бір рет қана жолақы төлеп жүруге мүмкіндігіңіз бар, түсіп қалып, басқа маршрутқа отырыңыз" дейді. Мен келесіге отыруым үшін кемінде 15 минут күтуім керек. Бұл қандай жүйе? 13 наурыз 2019, 10:36 2 114 рет қаралды
«Мен батыр емеспін. Жай ғана өмір сүргім келеді» Басқа жаңалықтар

«Мен батыр емеспін. Жай ғана өмір сүргім келеді»

Өмірге құштар, қуақы, бауырмал... 36 жастағы Гүлназ ҚОСМЫРЗИЕВА мүгедек арбасына таңылса да, өмірдің ауыр тауқыметіне сынбады. Әлеуметтік желілердегі парақшасын көрген соң, оның қандай белсенді жан екенін ұғынып, танысуға бел байладым. Бейнежазба 13 наурыз 2019, 11:56 5 001 рет қаралды
Атырауда  көрісу мерекесі қалай өтеді? Басқа жаңалықтар

Атырауда көрісу мерекесі қалай өтеді?

Мерекелік іс-шаралар легі 12 наурызда Балықшыдағы халық шығармашылығы орталығында «Ұлы даланың ұлағаты» атты халықаралық ақындар айтысымен басталды. Екі күнге жоспарланған сөз додасына еліміздің әр өңірінен және Моңғолия, Қытай елінен 20 ақын жиналды. Бейнежазба 13 наурыз 2019, 13:40 2 960 рет қаралды
Қаупің неден болса, ажалың содан Басқа жаңалықтар

Қаупің неден болса, ажалың содан

Stat.gov.kz сайтының мәліметінше, Атырау облысындағы халық саны 2018 жыл мен соңғы екі айды қосқан кезеңде 13 117 адамға өсіп, халықтың жалпы саны 633 мың 801 адамға жетті. Осы уақыт аралығында облыста әртүрлі себептермен 3535 адам өмірден өткен. «АЖ» тілшісі мұның себептерін зерделеді. 6 наурыз 2019, 18:43 4 387 рет қаралды
Бүгінгі мереке туралы не білеміз? Басқа жаңалықтар

Бүгінгі мереке туралы не білеміз?

1 наурызда Қазақстанда 2016 жылы Н. Назарбаев белгілеген Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл – біздің ортақ тарихымызды құрметтеу, Қазақстандағы барлық этностардың бір-біріне  және депортацияланған халықтардың қонақжай қазақ халқына алғыс айту күні. Бейнежазба 1 наурыз 2019, 10:34 3 358 рет қаралды
Жастарға арналған соңғы үй Басқа жаңалықтар

Жастарға арналған соңғы үй

Биыл жастар жылына орай Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға арналған жол картасы жасалып, республикалық бюджеттен  100 миллиард теңге қаралады. Бұл қаржы облыстардағы жастар санына байланысты бөлініп, жастардың білім алуына, кәсіп ашуына, денсаулығына жұмсалады. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Роллан ҚҰСПАН мәлімдеді. Ал 2013 жылдан бері жұмыс істейтін «Жас Отау» тұрғын үй бағдарламасына келсек, соңғы 100 пәтерлік үй табыс етілгеннен кейін мүлдем тоқтатылады. 27 ақпан 2019, 18:15 3 875 рет қаралды
«86-дағы желтоқсан оқиғасы кезінде қаруымды жинап алды» Басқа жаңалықтар

«86-дағы желтоқсан оқиғасы кезінде қаруымды жинап алды»

Тура 30 жыл бұрын совет әскерлері Ауғанстан жерінен шығарылды. Бұл елде болған 9 жыл ішінде «шектеулі контингент» сапында Атырау облысынан 782 сарбаз қызмет етіп, оның 13-і ұрыс даласында қаза болса, бірі хабарсыз кеткен. Ауған соғысының әсерлері, ұйықтап қалған кезекшіні қалай жазалағаны, 86-жылғы Алматыда болған желтоқсан оқиғасы және күйзеліс туралы ауған соғысының ардагері,  облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла КӨШҚАЛИЕВПЕН сұхбатымызда айтылады. Сурет 23 ақпан 2019, 00:00 7 306 рет қаралды
Кезектің соңы - 20064 Басқа жаңалықтар

Кезектің соңы - 20064

Биыл Атырау қаласындағы Маденов, С.Датов, Құрманғазы, Бейбарыс, Р.Ғабдиев, Азаттық, Амандосов, Ғұмаров, Әуезов, Уәлиханов және Гагарин көшелерінің автокөлік жолдары кеңейтіліп, төсемтастар мен жаңа аялдамалар қойылып, көше жарықтары жаңартылатын болады. Сондай-ақ, мұнайлы астанада 300 ойын алаңы салынады. Бұл туралы брифингте Атырау қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Шәкір КЕЙКІН мәлімдеді. Ал су бұрқақтарды күтуге тура келеді. 13 ақпан 2019, 19:25 3 644 рет қаралды
Құстар сулы қамыс арасына ұя салады Басқа жаңалықтар

Құстар сулы қамыс арасына ұя салады

Жақында «Ақжайық» резерватына бардым. Өткен жылғы шілдедегі өрт іздері жаға ұстатады: Сасықөзекке апаратын жолдың оң жағындағы және қорық аймағын ортасынан бөліп тұрған едәуір аумақ түгел өртеніп кеткен. Алдағы көктемде жыл құстары қайда ұялайды? 7 ақпан 2019, 16:59 3 345 рет қаралды
Атыраулық «сириялықтарға» психологтар мен теологтар көмектеседі Басқа жаңалықтар

Атыраулық «сириялықтарға» психологтар мен теологтар көмектеседі

Атырау облысында 3 мыңға жуық адам дәстүрлі емес діни ағымда жүр. Сонымен қатар дін саласына қатысты 46 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған. Олардың көпшілігі жергілікті мемлекеттік органның рұқсатынсыз діни әдебиет пен заттар сатқаны үшін, діни қызметке кедергі келтіру, заңсыз діни жиындар мен жоралғылар өткізу және тағы басқа. Бұл туралы брифингте Атырау облысы дін істері басқармасының әкімшілік ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қаһарман МҰСАЕВ хабарлады. 6 ақпан 2019, 15:17 2 526 рет қаралды
Лицейдің бауырластық дәстүрі көп көмектесті Басқа жаңалықтар

Лицейдің бауырластық дәстүрі көп көмектесті

Атырау Білім-инновация лицейінің 9 сынып оқушысы Айбек МЫРЗАТАЕВ әлемдегі үздік мамандандырылған мектептер арасында математика, физика және информатика пәндері бойынша өткен XV Халықаралық Орынбек Жәутіков атындағы олимпиададан алтын медальмен оралды. 30 қаңтар 2019, 11:48 4 077 рет қаралды