22 наурызда Сұлтан Бейбарыс алаңында Ұлыстың ұлы күні - Наруыз мерекесі тойланды.
Бұл күні қала тұрғындары мен қала қонақтары мерекелік шараға ертемен жиналды.
Әр киіз үйдің алдында Наурыз көже мен бауырсақтар таратылып, ұлттық ойындар ойналып, спорттық жарыстарда жүлдегерлер анықталды. Мерекелік шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау халқына деген құттықтау тілегін жеткізді.
Алаңда концерттік бағдарламамен қатар театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды.
Өзге ұлт өкілдері өдерінің ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, қалың көрерменге өз өнерлерін тарту етті.
Суреттерді және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ