Атырау, 25 қараша 09:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құстар сулы қамыс арасына ұя салады

3 194 просмотра


Жақында «Ақжайық» резерватына бардым. Өткен жылғы шілдедегі өрт іздері жаға ұстатады: Сасықөзекке апаратын жолдың оң жағындағы және қорық аймағын ортасынан бөліп тұрған едәуір аумақ түгел өртеніп кеткен. Алдағы көктемде жыл құстары қайда ұялайды?

Ал резерват директорының орынбасары Әлімғали ДАУЫЛБАЕВ жағдайды әсірелемеді. Оның айтуынша, 36,6 гектар қураған шөп пен қамыс өртенген, бірақ ағаштар емес, сондықтан елеулі залал жоқ екен. Соның ішінде, жануарлар дүниесі үшін де:

- Құрлыққа салынған құстың ұяларын түлкі, қасқыр мен қабандар бұзып тастауы мүмкін, сондықтан құстар суда өсетін қамыстарға ұя салғанды жөн көреді, ал ол өртенбейді, - деді

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 ақпан 2019, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.