Атырау, 25 қараша 11:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Ақжайық" резерватындағы қамыс өртеніп жатыр

Сурет Бейнежазба
5 982 просмотра


Бүгін, 16 шілде, кешкісін әр нәрседен (зауыт, Қашаған және басқалардан) қорқып қалған Атырауды түтін тұмшалап, ыстың иісі жайылды.

Атырау облыстық ТЖД кезекшісіне қоңырау шалып, жағдайды анықтадық: "Ақжайық" резерватында қамыс өртеніп жатыр екен. Куәгерлердің айтуынша, бұл таңертең басталыпты. Қазір жел теңіз жақтан мұнай астанасына қарай соғып тұр екен. 

Сәл кейінірек облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі баспасөз хабарламасын таратты: «16 шілдеде «Ақ Жайық» табиғат қорғау резерватының аумағындағы 15 гектар алаңда қураған  қамыс тұтанған. Қазіргі уақытта әлі өртеніп жатыр. Қатты жел салдарынан түтін резерват аумағынан Атырау қаласының аумағына таралды. Өртті сөндіруге екі шағын УАЗ өрт сөндіру көлігі, соқасы бар дөңгелекті трактор, бес қызметтік көлік, «Ақ Жайық» резерватының 30 инспекторы жұмылдырылды. Таңертең Атырау облыстық ТЖ департаментінен өрттің сөндірілуін бақылау үшін өрт алаңына 2 өрт сөндіру машинасы жіберіледі».


Фархад ӘБІЛОВ

Куәгерлер жолдаған суреттер мен бейнежазба

16 шілде 2018, 21:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.