Атырауда алғаш рет жергілікті жекпе-жек федерацияларының қатысуымен жауынгерлік спорт өнері фестивалі ұйымдастырылды. Спортшылар Сұлтан Бейбарыс алаңында карате түрлері, муай-тай, кикбоксинг, ММА, панкратион, грепплинг, у-шу, белбеу күресі, самбо, таеквондо, жекпе-жек сайысы, джиу-джитсу бойынша өнерлерін көрсетті.
Біз күткендей көрермен көп жиналды. Басты мақсат - халыққа спортты насихаттау болды, - дейді Атырау облысы жауынгерлік өнер ассоциациясының директоры Ерлан ТАБЫЛДИЕВ.
Кеш барысында танымал әнші Ерке ЕСМАХАН Атырауда ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері Шалқар АҚЫМҒАЛИЕВКЕ арнаған «1001 түн» әнін Атырау жұртшылығына шырқап берді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор