Жексенбіде Шалқыма аялдамасынан №12 автобусқа отырып, жолақыны карточка арқылы валидаторға төледім. Енді шамамен сағат жарым уақыттан кейін кері жолға шығып, аялдамада тұрсам, жаңағы мінген автобусым келе қалды. Кондукторға карточка берсем, "валидатор арқылы күніне бір рет қана жолақы төлеп жүруге мүмкіндігіңіз бар, түсіп қалып, басқа маршрутқа отырыңыз" дейді. Мен келесіге отыруым үшін кемінде 15 минут күтуім керек. Бұл қандай жүйе?
Қала тұрғыны, телефон арқылы
Сұраққа «Смарт-Атырау» КМК басшысы Әділбек ТАНКИЕВ жауап берді:
-Валидатордың жұмыс жүйесі бойынша, бір рет төлем жасаған адам 2 сағат ішінде қайтадан сол аппаратқа төлем жасай алмайды. Жақында аппараттарды 30-40 минут өткеннен кейін карточканы қайтадан қабылдайтындай етіп өзгертеміз.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор