Атырау, 25 қараша 08:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лицейдің бауырластық дәстүрі көп көмектесті

3 911 просмотра


Атырау Білім-инновация лицейінің 9 сынып оқушысы Айбек МЫРЗАТАЕВ әлемдегі үздік мамандандырылған мектептер арасында математика, физика және информатика пәндері бойынша өткен XV Халықаралық Орынбек Жәутіков атындағы олимпиададан алтын медальмен оралды.

2005 жылдан бері дәстүрлі өткізіліп келе жатқан білім сайысына биыл Ресей, АҚШ, Түркия, Грузия, Белоруссия, Болгария, Дания, Румыния, Сербия, Өзбекстан, Түркіменстан және басқа да  әлемнің 18 елінен 520-дан астам оқушы қатысқан. Айбек математика бойынша 300 қатысушы арасынан жеңімпаз атанды.

Айбек лицейге дейін Атырау қаласындағы №3 мектепте оқыған. Әкесі құрылысшы-инженер, анасы - есепші.

- Есепке қызығушылығым бастауыш сыныптан басталды. Бұл жеңісіме лицейдегі ұстаздарым мен сабағыма көмектесетін жоғары сыныптағы әбилердің де көп септігі тиді,- дейді Айбек. - Бос уақыт дейсіз бе? Егер бос уақытым бола қалса, оны математикадан қиын есептер шығаруға және кітап оқуға жұмсаймын.  

Әділет РАИСОВ, математика пәнінің мұғалімі:  

- Айбек былтыр халықаралық, әлемдік олимпиадаларда келген есептерді ғаламтордан қарап, көп дайындалды. Еңбекқорлығы мен ізденушілігі арқасында осы жеңіске жетті.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

30 қаңтар 2019, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.