Атырау, 24 қараша 21:05
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қош бол, мектебім!

Сурет
6 574 просмотра


Бүгін, 25 мамырда Атырау облысының барлық мектептерінде «соңғы қоңырау» соғылды. Биыл облыс бойынша 5133 оқушы мектеп бітіріп, түлектердің 190-ы "Алтын белгіге", 152-сі "Үздік аттестатқа" үміткер. Ал Атырау қаласында 61 бала "Алтын белгіден", 85-і "Үздік аттестаттан" үмітті. «АЖ» қаладағы бірнеше мектепте болып, осы шараның куәгері болды.

Атырау қалалық лицейі биыл 4-рет түлектерін ұядан ұшыруда. Білім ордасын биыл 49 оқушы аяқтаса, оның 8-і «Үздік аттестаттан» үміткер. Шәкірттер биыл бірнеше республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпазы атанған.


№20 Пушкин атындағы мектеп-лицейі орыс және қазақ сыныптары бойынша 62 түлегіне сәт сапар тілеп, алтын ұядан ұшырды.  Мұнда 4 бала «Алтын белгіден», 2 оқушы «Үздік аттестаттан» үміткер.


Жолдасқали Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицейден 85 түлек қанат қақса, оның 4-і «Алтын белгіге», 2-і «Үздік аттестатқа» үміткер.


Атырау «Білім-Инновация» лицейі дәстүр бойынша «соңғы қоңырауды» Құрманғазы мәдениет сарайында өткізді. Салтанатты шараға облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА да қатысып, бұл оқу орнының облыстағы бетке ұстар білім беру мекемесі екенін атап өтті. Ал лицей директоры Исмаил ЭЛЬМА 25 жыл тарихы бар лицей түлектері алған білімін одан әрі жетілдіріп, еліне қызмет етер маман иесі атанарына сенім білдірді. Лицейде 5 «Алтын белгі», 23 «Үздік аттестатқа» үміткер бар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

25 мамыр 2019, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.