Атырау, 25 қараша 02:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бір құбырға тәуелді

Сурет
2 423 просмотра


13 наурыздан бастап Привокзальный 5-ші ықшамаудандағы бес қабатты №10 үйдің төрт пәтеріндегі тұрғындар екі аптадан астам уақыт газсыз қалды. Өйткені газ келетін тікқұбырдың бойындағы бір пәтер ғана бос тұрған еді. Бұл хикая ақылға сыйымсыз көрінгенмен, тұрғындардың көпшілігіне қатысты болуы мүмкін.

№10 үйдің тұрғыны Анатолий ХАН:

- Газ берушілер бүкіл пәтерге тексеру жұмыстарын жүргізіп, қайта қосады. Ал біздің үйде тікқұбыр бойындағы бір пәтер жабық тұр, үй иелері жоқ. Сондықтан да газ берушілер қалған төрт пәтерге, соның ішінде менің де пәтеріме газ беруден бас тартып отыр.


Менің көзімше Хан мен «Атырау» коммуналдық қызметтердің есеп айырысу орталығының (РЦКУ) бас инженері Аян САБЕТОВТІҢ арасында «қызу» тартыс болды. Газ қызметкері жабық пәтерге кірмей тікқұбырды қосуға құқығы жоқ екенін түсіндірді. Бәлкім, тікқұбырда ақау бар шығар: «Егер газ атылса, сіз емес, мен жауап беремін» дейді ол. Содан соң учаскелік инспекторға жүгінуге кеңес берді. Дегенмен, бұл жағдайда үй иелері жоқ кезде пәтерге кірудің заңды күші үлкен күмән туғызады.

- Егер сол пәтердің үй иелері жарты жыл болмаса, біз де жарты жыл газсыз отырамыз ба?- деді Хан ашынған үнмен.

Солай боп тұр.

- Бізде тұрғындардың қатысуымен пәтердегі газ жүйесіне профилактикалық тексеру жүргізу бойынша мақұлданған кестеміз бар. Осы кестеге сәйкес, Привокзальныйдағы, Орталық және басқа ықшамаудандардағы үйлерді ажыратамыз, - дейді А.Сәбетов. – Қала бойынша осындай 10 шақты «проблемалы» тікқұбыр бар. Сіз де бізді дұрыс түсініңіз, біздің тәуекел етуге құқығымыз жоқ.


Жақында аяқ астынан сол пәтердің кілті табыла қалып, Анатолий мен үш пәтердің тұрғыны «көгілдір отынмен» сағына қауышты. Алайда сол №10 үйде осындай «проблемалы» тағы үш тікқұбырдың бар екені анықталды. Яғни, пәтерлердің бірі бос тұрғандықтан ол адамдар газсыз отыр. Бұл тек бір үйдегі жағдай. Сонда қала бойынша бар болғаны осындай 10-ақ үй болғаны ма?

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 сәуір 2019, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.