Атырау, 25 қараша 02:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Технодом» көрісуге барып, сыйлық таратты

PR Сурет Бейнежазба
4 185 просмотра

Көктем мен жаңа жылдың басы - Көрісу мейрамында қазақ халқы қыстан қымтырылмай шыққанына қуанып, құшақтасып-көрісіп, бір-біріне кәде-сыйларын жасайды. Атаулы мейрамды биыл қазақстандық электроника және тұрмыстық дүкендер желісі - «Технодом» да елеусіз қалдырмады.

«Технодом» биыл өздеріне хат жазып, көрісуге шақырған 1000 қазақстандық отбасыға, соның ішінде Атырау мен Құлсары қаласынан 100 жанұяға жылы лебізін білдіріп, сыйлықтарымен қуантып жатыр. Акция шарты бойынша тұрғындар фейсбук, инстаграм желісіндегі technodomkz бетшесіне өзінің отбасы жайлы шағын әңгіме жазуы керек.


Мереке қарсаңында технодомның алғаш табалдырық аттаған үйі Атырау қаласында тұратын Батырханның жанұясы болды. Олардың көрісуді асыға күткені отбасы мүшелерінің қазақтың ұлттық киімін киіп, қонақтарын наурыз көжемен қарсы алғанынан сезілді. «Технодомға» хатты 4-сыныпта оқитын Әмина БАТЫРХАН жазған. Бұл шаңыраққа компания шаңсорғыш, миксер және шойын табаны сыйға тартты.

Үйде жолдасым, қыз-күйеуім және Әмина, Сафия деген жиендерімізбен бірге тұрамыз. Өз мамандығым мұнайшы болғанымен, қазір 3-топ мүгедектігіме байланысты үйде отырмын. Жолдасым маршрутта жүргізуші,- деді Меңсұлу апай. - Жыл сайын көктем мерекесін қазақы дәстүрмен наурыз көже, ұлттық тағамдар дайындап қарсы аламыз. Балалар бір-біріне сыйлықтар жасайды. «Технодомның» инстаграм парақшасына хат жолдағанда өзіміз ұстанатын байырғы салт-дәстүріміз туралы жазған едік. Бүгін дәстүрді құрметтеп, сыйлықтарымен келіп жатқан «Технодом» ұжымына алғысымыз шексіз. Бұған дейін үйде салқындатқыш, теледидар тағы да басқа тұрмыстық затар алдық. Сапасына ешқандай шағым жоқ. Өрлеп-өркендей беріңіздер деп тілек айтамыз.

Сыйлықтар табыс етілгеннен кейін, «Технодом» қызметкерлері компанияда соңғы жаңалықтарды айтты. Қазіргі таңда Атыраудағы «Технодом» техника үйлерінен 9990 теңгеден жоғары бағаға сауда жасаған сатып алушылар үшін су жаңа «Toyota Corolla» автокөлігіне ұтыстар жүріп жатыр. Бірақ бұл тек Атырауда ғана  ойнатылады. Сонымен бірге екі тауар сатып алсаңыз, үшінші тауарды 50 пайыз жеңілдікпен алуға мүмкіндігіңіз бар.   


Бұдан соң тізім бойынша келесі жолы болған отбасы «Нұрсая» ықшамауданында тұрады екен. «Технодомға» хатты шаңырақтың отағасы Аманжол АМАНБАЙҰЛЫ жазған.

- Өзім колледжде ұстаз болып қызмет етемін, жолдасым есепші. Шаңырақ көтергенімізге 11 жыл болды. Соңымнан ерген үш балама мұсылманша Мұхаммед, Аиша, Сайд деп ат қойдым. Үлкені 3-сыныпта оқиды, кенжеме 14 наурызда 3 ай толды, - деп отағасы отбасы жайлы қысқаша айтып өтті.

Аманбай конкурс туралы инстаграмнан көрген. Сөйтіп бағымды бір сынап көрейінші деп жанұясы туралы хат жазуға бел буған.

- Бұған дейін де бірнеше рет әлеуметтік желідегі конкурсқа қатысып, жеңіске жеткенмін. Жақында қызым инстаграм конкурстарының бірінен жеңімпаз атанып, Алматы қаласына барып келді. Өзім бір кезде айтыскер ақын Балғынбек ИМАШЕВТЫҢ белбеуін және бірнеше рет балалардың ойын сертификаттарын  жеңіп алғанмын. Бүгін технодомнан да жеңіске жеткеніме қуаныштымын, -дейді отағасы.


Келесі кезекте Ақсай ауылында тұратын көпбалалы отбасыға бардық. Хатты отбасының ортаншы қызы 8-сыныпта оқитын Зарина жазған. Хаттан үзінді:

«Біз көпбалалы отбасымыз: ата-анам, әпкем, екі інім, сіңілім бар. Конкурсты көріп қуанып отырмыз. Біз көпбалалы болғандықтан, ата-анама керекті заттарды алып бер деп айта алмаймын. Әкем қарапайым көлік жүргізушісі, анам мектепте ісқағаз жүргізеді. Әпкем студент, мен 8 сыныпта оқимын. Артымнан ерген бауырым 2 сыныпта  оқиды, кенже інім 2 жаста. Анама 8 наурызда «утешок» (шаш тегістейтін үтікше - автор) алып бергіміз келген. Бірақ ала алмадық. Бізге вафли пісіретін үтік пен «утешок» болса қуанар едік».

«Технодом» бұл отбасыға сұраған заттарымен қоса өздерінің дайындаған сыйлықтарын да алып барды. Ал, Зарина болса сіңілілеріне «енді сендерге күнде вафли пісіріп беремін» деп қуанып жүр.

- Бұл жақында ғана 5 баласымен бөлек шыққан үлкен баламның жаңа қонысы еді. Мен өзім 8 құрсақ көтерген ардагер ұстазбын, - дейді балалардың әжесі Алтын ДЕМЕСИНОВА.  - Сіздер жаңа қонысқа өте пайдалы заттар сыйладыңыздар. Технодомнан бұған дейін де бірнеше тұмыстық заттар алғанбыз. Сапасы керемет, тұмшапешін әлі күнге дейін пайдаланамыз. Енді немеремнің тәттілерін жеген кезде сіздердің әкелген сыйлықтарыңызды да еске алып отыратын боламыз

Тұрғындарға шаттық сыйлап, жылы лебізін естіген «Технодом» қызметкерлері де қуанышты. Жаңа жыл құтты болсын!


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет және бейнежазбаны түсірген автор

27 наурыз 2019, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.