Атырау облысында 3 мыңға жуық адам дәстүрлі емес діни ағымда жүр. Сонымен қатар дін саласына қатысты 46 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған. Олардың көпшілігі жергілікті мемлекеттік органның рұқсатынсыз діни әдебиет пен заттар сатқаны үшін, діни қызметке кедергі келтіру, заңсыз діни жиындар мен жоралғылар өткізу және тағы басқа. Бұл туралы брифингте Атырау облысы дін істері басқармасының әкімшілік ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қаһарман МҰСАЕВ хабарлады.
АЖ сауалдары:
- Шетелде діни білім алып жүргендер туралы мәлімет бар ма?
- Қазіргі уақытта Мысыр, Сауд Арабия, Йемен қалаларындағы күмәнді оқу орындарында 25 студент заңсыз білім алып жатыр. Осындай студенттердің ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыста Сириядағы қақтығыс аймақтарынан келген үш жанұяның 11 кәмелетке толмаған балалары тіркелген. Балалармен психолог, теолог мамандар жұмыс жасап жатыр. Бұл аймақтарында әлі қаншасы жүргені белгісіз.
- Баласына екпеге салдыруға қарсы келетін ата-аналар көбіне қандай себепті айтады? Олардың саны азайып отыр ма?
- Екпе салдыруға қарсылық білдірушілердің саны соңғы кезде тұрақты - 800 адам. Алайда түсінік жұмыстарын жүргізу кезінде олардың бәрі дін ұстанушылар емес екенін анықтадық. Екпеден кейінгі болып жатқан кейбір жағдайларға байланысты қорқынышпен бас тартатындар бар екен.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор