Атырауда «Шаңырақ» балалар үйі, «Маленькая страна» қоғамдық ұйымы, «Ұмтылыс» қорының балалары мен олардың ата-аналарына арналған қайырымдылық концерті өтті.
Балалар сахнада арнайы шақырылған белгілі әншілермен бірге ән айтып, түрлі сыйлықтарға ие болды. Шараны ұйымдастырушы облыстық Полиция департаменті қызметкерлері де өнер көрсетті.
- Балалардың ең болмаса бір сағаттық өміріне шуақ сыйлай алғанымыз үшін қуанышым шексіз, - дейді әншілердің бірі.
Айта кету керек, «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасы аясында қайырымдылық концерті еліміздің басқа қалаларында да өтіп жатыр.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті Полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынды