Атырау, 24 қараша 23:36
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түнгі музейдегі ғашықтар

Сурет Бейнежазба
5 196 просмотра

Меруерт ӨТЕКЕШОВА Ренат ЕЛУБАЕВ

Халықаралық музейлер күнін жергілікті мұражайлар жылдағы дәстүр бойынша «Музей түні» шарасымен атап өтті. Бұл күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбымен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері, ұлттық спорттық ойындар, диірмен тартудан шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, шараға келушілер «Қыз Жібек пен Төлеген» экспозициясының ашылуына қатысты.  

- Қыз Жібек пен Төлегенге арналған экспозиция алғаш рет Атыраудағы музейге қойылды.  Фигураларды жасауға 5 айға жуық уақыт кетті. Бұл біздің алғашқы жұмысымыз, - дейді жобаның авторы алматылық археолог, Руслан ШЕРБАЕВ. - Адамдарды силиконнан жасау әлемде жақсы дамыған.  Қазақстан үшін бұл жаңа бағыт.

Шара барысында келушілер Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актрисасы, қазақтың «Қыз Жібегі» атанған Меруерт ӨТЕКЕШОВАМЕН кездесті.  

Ал Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейіне келушілер композитор, суретші Ілия Жақановтың шығармашылығымен танысып, атыраулық қылқалам шеберлері мен белгілі суретші-импрессионист, астаналық Ренат ЕЛУБАЕВТЫҢ шеберлік сағатын тамашалады. Ол көрермендер арасынан шыққан қыздың портретін 3 минут ішінде салып, содан кейін көрерменнің сұрауымен көзін байлап, түйенің суретін салды.

Шара барысында музейде зергерлік бұйымдар жәрмеңкесі, музей залдары бойынша викториналық сұрақтар ойыны ұйымдастырылды.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

23 мамыр 2019, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.