Атырау, 27 сәуір 06:45
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Кезектің соңы - 20064

3 404 просмотра


Биыл Атырау қаласындағы Маденов, С.Датов, Құрманғазы, Бейбарыс, Р.Ғабдиев, Азаттық, Амандосов, Ғұмаров, Әуезов, Уәлиханов және Гагарин көшелерінің автокөлік жолдары кеңейтіліп, төсемтастар мен жаңа аялдамалар қойылып, көше жарықтары жаңартылатын болады. Сондай-ақ, мұнайлы астанада 300 ойын алаңы салынады. Бұл туралы брифингте Атырау қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Шәкір КЕЙКІН мәлімдеді. Ал су бұрқақтарды күтуге тура келеді.

АЖ сауалдары:

Қала бойынша тұрғын үй кезегінде қанша адам бар?

- Қалада қазір тұрғын үй кезегінде 20 064 адам бар. Мемлекеттік тұрғын үй 5 санат бойынша беріледі. Олар Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары – кезекте ешкім жоқ; жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 1059 адам; халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтары - 6910; мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар - 11935; жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар - 160.

Биыл көгалдандыру бойынша қанша қаржы бөлінді, қандай жұмыстар жасалады?

- Биыл үлкен жобалар әзірленіп жатыр. Жұмыстар жекеменшік-мемлекеттік әріптестік арқылы жүзеге асады. Былтыр сусорғылар дұрыс жұмыс жасамай, көптеген талдар суарылмай қалды. Жаңа жобаның талабында бұзылған су сорғыларды іске қосу көрсетілген. Наурыз айында тендер жариялаймыз.

Былтыр қала бойынша ешбір субұрқақ жұмыс жасамады, биыл іске қосыла ма?

Жалпы қала бойынша 28 субұрқақ тіркелген. Бұларға қазір жөндеу және қайта жаңғырту бойынша сметалық жобалар жасалып жатыр. Жоба бекігеннен кейін бюджеттен қаржы сұрап, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суретті түсірген автор

13 ақпан 2019, 19:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.