Атырау, 19 наурыз 04:41
Таңертең ашық+3, күндіз +11
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 375.90  € 426.65  P 5.82

Атырауда көрісу мерекесі қалай өтеді?  

13 наурыз 13:40


Мерекелік іс-шаралар легі 12 наурызда Балықшыдағы халық шығармашылығы орталығында «Ұлы даланың ұлағаты» атты халықаралық ақындар айтысымен басталды. Екі күнге жоспарланған сөз додасына еліміздің әр өңірінен және Моңғолия, Қытай елінен 20 ақын жиналды.

Айтысқа өңіріміз атынан Шалқарбай ІЗБАСАРОВ, Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ, Жәнібек САДЫРОВ, Өнербек ДӘУЛЕКЕНОВ, Нұрболат НҰҒМАНОВ сынды 5 ақын қатысады.

Бүгін, 13 наурызда сағат 15.00-де Құрманғазы мәдениет сарайында жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі - бата беруден республикалық байқау өтеді. Байқауға  17 батагөй қатысады.

14 наурызда сағат 11-де Сұлтан Бейбарыс алаңында «Көрісу Fest» халықаралық фестивалі басталады. Фестиваль аясында суретшілер плэнері, облыстық музей көрмесі, ұлттық сусындар мен тағамдар жәрмеңкесі өтеді.  «Жастар жарыса көрісіп қауышады» байқауы мен театрландырылған  әдеби-музыкалық қойылым да шара жоспарында бар.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

338 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет