Атырау қаласында өткен «Мисс Атырау 2019» сұлулық байқауының финалында 17 жастағы атыраулық бойжеткен Асылжан НУРАЛИНА жеңімпаз атанды. Көз тартар сыртқы көріктеріне өнерлері жарасқан, тіпті Калашников автоматын тез шашып-құрастыра алатын хас сұлулар арасында бәсеке қатты болды.
Асылжан М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің (Балықшы) 11 сыныбында оқиды. Сонымен қатар, әділ қазылар Камила БАЙМҰРАТОВАҒА I вице-мисс, Роза МАЙРАНОВАҒА II вице-мисс атағын берді.
Атырау аруына жеңісі үшін Германияға жолдама берілді. Сонымен қатар Асылжан биыл «Мисс Қазақстан – 2019» байқауында қаламыздың намысын қорғайды. Мүмкіндік бар: өткен жылғы аруымыз Альфия ЕРСАЙЫН республикалық байқауда да жеңіске жеткен еді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді түсірген автор