Атырау, 24 желтоқсан 22:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Сұрақ-жауап

Баланың өз үлесі бар Сұрақ-жауап

Баланың өз үлесі бар

- Мен күйеуіммен ажырастым, баламды өзім тәрбиелеп жатырмын. Ажырасу барысында мен алиментті талап етпедім. Бұрынғы күйеуіммен ешқандай байланыстың болмағанын қалаған едім. Некеміз бұзылғаннан кейін 3 жыл уақыт өткенде мен алиментті өндіртіп ала алам ба? Қазір балама тек 6 ай ғана болды, болашақта жағдайымыз өзгеруі де мүмкін, сондықтан да балам екеумізге қосымша ақша қажет болады деп ойлаймын. 7 қараша 2012, 17:56 6 760 рет қаралды
Тышқаннан құтқарыңдар! Сұрақ-жауап

Тышқаннан құтқарыңдар!

– Біз Балықшыдағы А.Байжігітова көшесіндегі №74 үйде тұрамыз. Бұрын біздің үйіміздің қарсысында өткен жылы күреліп кеткен №72 үй болған еді. Енді күрелген үйдің орнында түзілген құрылыс қоқыстарында пайда болған тышқандар тыныштық берер емес. Оның үстіне жартылай шіріген еден тақтайларынан, линолеумнен, тұрбалардан және т.б. аңқыған сасық иістен тыныстау мүмкін емес. Күрелген үйдің аумағы қашан тазартылады? 10 қазан 2012, 18:37 3 568 рет қаралды
Учаскелік дәрігер де жолдама бере алады Сұрақ-жауап

Учаскелік дәрігер де жолдама бере алады

– Менің балама жеке клиникада «фронтит» деген диагноз қойды және жедел ауруханаға орналастыру талап етілді. Алайда, учаскелік дәрігер ауруханаға жолдама жазып беруден бас тартып, бізді Алмагүл мөлтек ауданындағы емханаға - отоларингологке жіберді. Ал онда алдын-ала жазылып қояды екен. Емханаға келіп қарайтын дәрігер 1,5 сағатта 40 баланы қарап үлгеруі тиіс. Қатты сырқаттанып тұрған баланы жолдама алу үшін дәрігердің қабылдауына кезекке тұрғызып   жұмсау соншалықты қажет пе?  19 қыркүйек 2012, 23:08 3 148 рет қаралды
Туа сала төлқұжат алады Сұрақ-жауап

Туа сала төлқұжат алады

Биыл төлқұжатымды ауыстыруым қажет. Екі сәбиімді де құжатыма тіркеп қойған. Үлкен балам 10 жаста, кішісі 4-те. Оларды менің құжатыма тіркеудің мәні бар ма немесе оларға жеке құжаттар рәсімдейтін уақыт келді ме? Неше жастан бастап балаларда жеке төлқұжат болу керек? 5 қыркүйек 2012, 21:42 2 678 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Келісім-шартпен байланыс

– Біздің компания Балықшыдағы өзен портынан Теңіз кенішіне дейін жаңа жүк жолын салып жатыр. Жылыой ауданындағы ұялы байланыстарға қатысты Beeline мен Kcell операторларына қояр сұрақтарымыз бар. Ескі Қаратон поселкесінен Қарсақ кенішіне дейін ұялы байланыс мүлдем жоқ. 29 тамыз 2012, 19:48 2 610 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әр сырқаттың өз дәрігері бар

- Баладан лямблиоз сырқатын тапты. Паразитолог пен балалар гастроэнтеролог мамандарының емі керек, ал, ондай мамандар біздің №3 емханада жоқ. Балалар дәрігері жұқпалы аурулар дәрігеріне баруға кеңес берді. Ол дәрігер балаға трихопол дәрісін беруді тағайындады. Менің ойымша, бұл балаларға емес, үлкендерге арналған дәрі емес пе? Мұндай жағдайда жалпы қандай дәрігерге қаралған жөн? 8 тамыз 2012, 22:43 3 466 рет қаралды
Сұрақ-жауап

№22 мектепте бос орын жоқ

– Биылғы жылы менің балам 1 сыныпқа баруы тиіс. Біз өзімізге жақын орналасқан №22 мектепке барып жолыққанымызда бізге Огородная көшесінде тұратын болғандықтан  ол  мектепке қабылдамайтындықтарын айтты. Бұрын бұл мектепте  мен өзім, менің апам  және басқа біздің көшеде тұратын біраз бала оқыды. Сондай-ақ, қазір де біздің көшеде тұратын кейбір балаларды бұл мектептің қабылдағандығын біліп те отырмын. Олардың неге алалап отырғандығын түсінбедім? 25 шілде 2012, 21:03 2 260 рет қаралды
Сұрақ-жауап

«Каникул» тарифі

- Дүйсенбі күні №2 автобуста оқушы ұлым үшін 30 теңге жолақы төледім. Келесі күні сол маршрутта ол менімен бірге тегін жүрді. Ал бүгін кондуктор балам үшін 60 теңге жолақы төлеуім керектігін айтты. Іс жүзінде жолақы құны қанша? 18 шілде 2012, 21:26 2 007 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтаманы сот арқылы алуға болады

– Менің қызым декреттік демалысқа шыққанға дейін 7 ай бойы «Көктем» базарындағы жиһаз бөлімінде сатушы болып жұмыс жасады. Есеп-қисап жұмысын жасап, оны интернет бойынша жіберіп отырды. Декреттік құжаттарын дайындау барысында мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы одан жұмыс орнынан анықтама сұратқан, ал дүкен қожайыны оны беруден бас тартты, өйткені, ондай жағдайда салық органдарына қатысты проблемалар (ол еңбек шартын жасамаған және әлеуметтік жарналарды аудармаған) туындап қалмақшы. Мұндай жағдайда  біз не істей аламыз? Оның жұмыс істегенін қалай дәлелдейміз? 11 шілде 2012, 19:05 1 917 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кедергіні кім салады?

– Біз Құнанбаев көшесі, 30-үй мекен-жайында тұрамыз. Үйіміздің қарсы алдында (Оң жақ Перетаска) жолдың ар жағында аялдама мен жүргізушілер тіптен елемейтін жаяу жүргінші өткелі бар. Күн сайын дерлік жүргіншілер өткелінен жүргіншілерді қағып кетеді. Біз балаларымыз үшін қорқып, жолдан өзіміз өткізіп жібереміз. Өткен жылы көз алдымда бір қызды, ал кейін, сәбилі әйелді қағып кетті. Биыл екі ай бұрын көз алдымда бір машина жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан бір баланы қақты. Бірнеше апта бұрын таңғы сағат 5-те өте жоғары жылдамдықпен келе жатқан машина электр тарату бағанына соғысты. Жаяу жүргіншілер өткелінің екі жағынан және №6 мектептің алдынан міндетті түрде жол кедергісін салу керек. Мұнымен кім айналысуы тиіс? 4 шілде 2012, 17:30 1 945 рет қаралды
Кешенді тестілеуден өтеді Сұрақ-жауап

Кешенді тестілеуден өтеді

- Биылғы жылы менің қызым политехникалық колледжді бітіреді. Қазіргі кезде олар мемлекеттік емтихан тапсырып жатыр, артынан диплом жұмысын қорғайтын болады. Көктемде бізге колледж түлектері жоғары оқу орнына тапсыру барысында енді әңгімелесудің орнына кешенді тестілеу тапсырады деген еді, сол рас па? 20 маусым 2012, 19:19 3 834 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұражайға барғымыз келеді

- Біз балам екеуміз бірнеше рет Жилгородоктағы палеонтологиялық мұражайға барғанбыз, алайда, ол қашан барсақ та жабық. Анықтамалық телефон қызметінде  бұл мұражай туралы ешқандай мәліметтер жоқ екендігін  айтады. Мұражайдың телефоны мен жұмыс істеу кестесін қалай табуға болады? 9 мамыр 2012, 15:53 2 235 рет қаралды
Мерзімі өтпейтін жәрдемақы Сұрақ-жауап

Мерзімі өтпейтін жәрдемақы

- Жақында өлі туылған сәбилерге де нәрестенің   дүниеге келуіне байланысты берілетін жәрдемақы төленетінін білдік. Мәселе мынада, біздің тұңғышымыз босану кезінде шетінеп кеткен еді. Екінші сәбиіміз туылған кезде жәрдемақыны рәсімдегенде, бізге ешкім ол туралы айтқан жоқ. Оны қазір ала аламыз ба? 18 сәуір 2012, 19:08 4 103 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шетелдіктерге арналған жәрдемақы

– 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей, Белоруссия және Қазақстан арасында жасалған Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі заң күшіне (одан әрі – Заң) енді.  Осы заңға сәйкес Ресей, Белоруссия және Қазақстан азаматтары қайда тұратынын, қай жерде білім алатындығын, еңбек ететіндігін өз еркімен таңдай алады... 11 сәуір 2012, 17:53 2 590 рет қаралды
Балаларды тіркеуге тиіс Сұрақ-жауап

Балаларды тіркеуге тиіс

– Жұбайымыз екеуміздің төрт баламыз бар. Жарбосынов көшесіндегі үйде тұрамыз. Кенже екі қызымыздан басқамыз осы жерге тіркелгенбіз. Құзырлы органдар қыздарымызды - төрт жастағы Алтынгүл мен бір жарым жастағы Аружанды мекен-жайға тіркеуден бас тартып отыр. Оларды тіркеу үшін алдымен үйді менің атыма аудару керек, өйткені ол иесіз дейді. 28 наурыз 2012, 19:22 2 612 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бала жұмысқа бөгет болмайды

– Мені кішкентай балам болғандықтан бірнеше мекеме жұмысқа қабылдаудан бас тартты. Жұмыс берушілер жұмыстан жиі қалып қояды және қажет болған жағдайда жұмыстан кейін  жұмыс істеуден бас тартады деп қауіптенеді.  Олардың бұнысы заңды ма? 21 наурыз 2012, 13:50 4 457 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тізімде жоқ болып шықты

– Мен №11 СУ-900 (Ескі әуежай) үйде бала-келінім және үш немереммен тұрып жатырмын. Біздің үйіміз осыдан 8 жыл бұрын апатты болып танылған еді. Оған тіпті, газ жүргізуден бас тартқан болатын. Біздерді қашан көшіреді? 21 наурыз 2012, 13:53 1 876 рет қаралды
Кезекке тұрыңдар, бөбектер Сұрақ-жауап

Кезекке тұрыңдар, бөбектер

- Менің қызым қазір 2 жаста. Біз қалалық білім бөліміне балабақшаға орналасу үшін кезекке тіркелгеніміз жоқ. Ал жекеменшік балабақшаға бару қымбатқа соғады.  Осыған орай, көкейде жүрген көп сұрақтарға жауап алғым келеді: бүгінгі күні балабақша кезегіне тіркелген балалардың саны қанша екен? Қалалық білім бөліміне қарасты балабақшалар саны қанша? 14 наурыз 2012, 17:59 3 080 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұралықтың машақаты

- Жекешелендіру келісім-шартында үш баланың екеуі, әке-шешем көрсетілген. Анам 1995 жылы қайтыс болды, бірақ оны ешкім де жазбаған, қалай болғанда да ол әкемнің есінде жоқ. Қазір келісім-шартта жазылмаған үлкен әпкеміз онымен бірге тұрып, бағып-қағып отыр. Біз пәтерді соның атына рәсімдеп, өз үлестерімізден бас тартқымыз келеді. Бірақ әкеміз кейде тосын әрекеттерге баратын жан болғандықтан, не істеу керектігімізді білмей отырмыз. 7 наурыз 2012, 18:43 2 155 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қам көңілді қуантатын кештер аз

Мен мүгедек баламды бір өзім тәрбиелеп отырмын. Біздер мүгедектік және мүгедек балаға күтім жасаушы аналары үшін берілетін жәрдемақыны алып отырмыз. Жақында мен заңдардың бірінен бұл жәрдемақылардан басқа ай сайын  коммуналдық қызмет шығындарының төлемін, отын, тұрғын үйді ұстау үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны және 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқылы екендігімізді білдім. Сондай-ақ, тағы да мен мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақылардан басқа оған қосымша жергілікті бюджеттен: тұтыну бағасы индексінің өсуіне сәйкес мемлекеттік арнаулы жәрдемақыға үстеме; өзгенің көмегіне мұқтаж жалғызбасты мүгедектерді күту үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақыға қосымша үстемелер; шипажай-курорттық емдеу жеңілдіктері берілетіндігін білдім. Осы аталған жәрдемақылардың қайсысы төленеді, соны білгім келеді? 9 ақпан 2012, 18:35 2 170 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Аналар үшін жәрдемақы

Менің апам үш баланы тәрбиелеп отыр, оның біреуі бала кезінен мүгедек. Баласы мектепке бармайды,  баланы  күту үшін апама жұмысынан шығуға тура келді. Біз аурулы баласын күтетін жұмыссыз аналарға да жәрдемақы тиесілі дегенді естідік. Оны қайдан рәсімдеуге болады? Оған қандай құжаттар керек? 9 ақпан 2012, 18:39 2 125 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жайықтың екi атауы бар ма?

- Жайық өзенінің атауын 1775 жылы ІІ Екатерина патшайымының  Урал деп атауға жарлық шығарғаны белгілі. Алайда, әлі күнге дейін кейбір құжаттарда  өзен Урал деп аталады. Жалпы біздің өз заңымызда жер-су атаулары өз қазақ тілінде аталу керек деген заң талаптары бар ма? 9 ақпан 2012, 18:45 11 486 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әйелдерді аялайық!

Жақында менің Миялыда тұратын жүктілік кезеңінің 34-ші аптасындағы туысқанымды  облыстық ауруханаға жіберген екен.  Алайда,  оның медициналық портал бойынша  шақырту арқылы жолдамамен келгеніне қарамастан, оны перзентханаға қабылдамаған. Дәрігер патология бөлімшесінің шамадан тыс толық екендігін, ал, оған алдымен анемиядан  үй жағдайында емделіп, босану мерзімі жақындаған кезде ғана облыстық перзентханаға келуі тиіс екендігін айтқан.  Жүктіліктің үлкен мерзіміндегі әйелді әрлі-берлі  мәжбүрлеп жүргізудің қажеттілігі қанша? 1 ақпан 2012, 21:03 6 059 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үй қызметкерлеріне еңбек шарты керек

-Мен бір отбасында бала күтуші болып жұмыс жасаймын. Балаға күтім жасағаннан басқа мен тамақ әзірлеймін. Менің жасым 40-та. Еңбек шартын рәсімдеуге бола ма, соны білгім келіп еді? Менің жағдайымда еңбек өтілін есептеу үшін еңбек кітапшасына жазба жазыла ма? Еңбек демалысын алуға құқығым бар ма? 18 қаңтар 2012, 19:50 3 002 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Томограф неге жұмыс жасамады?

-Осыдан бір ай бұрын балам қатты сырқаттанып қалды. Дәрігерлер оны туберкулез деп рентгенге түсіргенімен, оның қорытындысы бойынша  алынған диагнозға да күмән келтірді. Компьютерлік томографиядан өту керек болды. Артынша біздегі облыстық ауруханадағы аппараттың жұмыс істемей қалғандығы анықталды. Содан науқас баламмен бірге Орал қаласына баруға тура келді. Осы жағдайға байланысты  менің көкейіме мынадай сауал ұялады: бізде жыл сайын денсаулық сақтау саласын қаржыландыру артып келеді, әсіресе, ақша жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға бөлінуде деген хабардан жалыққандаймыз. Егер облыстық ауруханада бір облыстың маңдайына біткен  жалғыз КТ аппараты жұмыс істемейтін болса, бөлінген ақшаның қайда кетіп жатқаны? Айта кетейін, Оралда ондай аппараттың 4-і бар. 18 қаңтар 2012, 19:53 2 052 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қарыз қайтарылуы тиіс

– Біз Балықшыдағы Құнанбаев көшесі, №24 үйде тұрамыз. Осыдан бірнеше ай бұрын «Асланбек» ПИК қызметкерлері  бізге ешқандай ақы төлемейсіңдер деп уәде беріп,  термомодернизация бағдарламасына қатысу үшін біздің жазбаша келісімімізді алған болатын. Енді міне, біздің қалай болғанда да ақы төлейтіндігіміз белгілі болды, яғни, біз ай сайын 10 жыл бойына 2 000 теңгеден төлеуге міндетті болдық. Бізге ешқандай да сметаны көрсеткен жоқ. Подъезіміз әйнектен жұрдай, сол баяғы сыз бен сасық иіс. Тек жертөледегі жылу құбырларын ғана ауыстырды. Біз таяуда көшетін болғандықтан, ақыны төлеуден бас тарттық. 7 желтоқсан 2011, 21:00 1 896 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Желілік теледидардағы жеңілдіктер

– 2011 жылғы 29 қыркүйектегі «АЖ» газетінің №39 санында «ТВС ТV» кабельдік желісінің менеджері Қарлығаш БЛЯШЕВАНЫҢ өз абоненттеріне ұсынатын жеңілдіктері туралы қойылған сұраққа жауабы жарияланды. Менің жұбайым – Ауған соғысының ардагері. Жауапта айтылғандай. Ол «ТВС ТV» қызметін тегін алуға құқылы. Алайда, кабельдік теледидар компаниясына хабарласқан кезде, бізге «АЖ» тілшісі бәрін шатастырған деп мәлімдеп, жеңілдіктер беруден бас тартты. Сонда қалай болғаны? 30 қараша 2011, 20:01 2 179 рет қаралды