Атырау, 24 сәуір 19:21
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Баланың өз үлесі бар

6 464 просмотра

- Мен күйеуіммен ажырастым, баламды өзім тәрбиелеп жатырмын. Ажырасу барысында мен алиментті талап етпедім. Бұрынғы күйеуіммен ешқандай байланыстың болмағанын қалаған едім. Некеміз бұзылғаннан кейін 3 жыл уақыт өткенде мен алиментті өндіртіп ала алам ба? Қазір балама тек 6 ай ғана болды, болашақта жағдайымыз өзгеруі де мүмкін, сондықтан да балам екеумізге қосымша ақша қажет болады деп ойлаймын.

Телефон арқылы

Сауалға заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді:

– Азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын талаптар бойынша талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi. (ҚР АК 178-бабы). Талап қоюдың жеке түрлері үшін заңды актілермен арнайы талап мерзімі – қысқарған немесе жалпы мерзіммен салыстырғанда барынша ұзақ мерзімдер белгіленетін болады. Сіз кәмелетке толмаған балаңыздың пайдасы үшін алимент өндіріп алу бойынша талаппен сотқа шағымдана аласыз. Алайда, сотқа шағымданғанға дейін алимент жөніндегі мәселенің төлем мөлшері мен мерзімін белгілеп, сотқа дейінгі тәртіппен реттеп алуыңыз керек. Алимент төлеу туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде, осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады. Алимент төлеу туралы келісім жазбаша жасалады және ол нотариатта куәландырылуға тиіс. Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару құжатының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару құжаты не нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгенге дейінгі үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі.
(ҚР «Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы туралы» кодексінің 164-бабы). Осы кодекстің 148-бабы да алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейін бұрынғы зайыбының талап етуге құқылы екендігін айтады.

7 қараша 2012, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.