Атырау, 2 желтоқсан 01:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Квотаның сұрауы көп

2 837 просмотра

- Келінім қайын інім екеуі шаңырақ көтергендеріне бес жыл болса да бала сүйе алмай келеді. Мен мұндай  отбасылар үшін квота бірінші кезекте беріледі дегенді естідім. Ол үшін қандай құжаттар жинау керек?

Айгүл

Бұл сұрақтың жауабын Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ былай деп қайтарды:

- Экстракорпоралдық ұрықтандыруға квота алу үшін бедеулікке душар болған әйел адам учаскелік акушер-гинекологтың диспансерлік есебіне тіркелуі қажет.

Учаскелік акушер-гинекологтың жолдамасымен ерлі-зайыптылар толық зерттеуден өтіп, облыстық денсаулық сақтау басқармасының комиссиясы арқылы Астана қаласына республикалық комиссияға жолданады. Республикалық комиссия квота берілсін деген шешім қабылдаса, облыстық денсаулық сақтау басқармасы квота береді.

Облыс бойынша қазір бедеулік жөнінен диспансерлік есепте 394 әйел тұр. Олардың барлығына экстракорпоралдық ұрықтандыруға квота берілуі көзделмеген. Себебі, экстракорпоралдық ұрықтандыру жүргізуге тегін медициналық көмек, яғни квота бедеулік пен белсіздіктің төмендегі себептеріне ғана беріледі:

1. түтікше перитониалдық фактордан болатын әйелдер бедеулігі (қос жатыр түтікшесінің болмауы немесе бітелуі);

2. ерлер белсіздігінің ауыр нысандары (олиго-, астено-, гератоозооспермия).

Елімізде аталмыш бағдарлама Астана, Алматы, Тараз қалаларында - бес мекемеде жүзеге асырылады.

14 наурыз 2012, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.