- Дүйсенбі күні №2 автобуста оқушы ұлым үшін 30 теңге жолақы төледім. Келесі күні сол маршрутта ол менімен бірге тегін жүрді. Ал бүгін кондуктор балам үшін 60 теңге жолақы төлеуім керектігін айтты. Іс жүзінде жолақы құны қанша?
Телефон арқылы
Қоғамдық көлік жұмысына жетекшілік ететін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде түсіндіргендей, алты жасқа дейінгі балалар ғана тегін жүре алады. 17 жасқа дейінгі мектеп оқушылары да сабақ кезінде тегін жүру құқығына ие бола алады.