Атырау, 22 сәуір 03:29
Таңертең ашық+13, күндіз +14
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 379.29  € 426.40  P 5.93

Келісім-шартпен байланыс

29 тамыз 2012 17:54

– Біздің компания Балықшыдағы өзен портынан Теңіз кенішіне дейін жаңа жүк жолын салып жатыр. Жылыой ауданындағы ұялы байланыстарға қатысты Beeline мен Kcell операторларына қояр сұрақтарымыз бар. Ескі Қаратон поселкесінен Қарсақ кенішіне дейін ұялы байланыс мүлдем жоқ. Ал бұл ескі КТК бағыты бойындағы трассаның 80 км  жері. Далалық жер, браконьерлер көп. Кейде Тереңөзек және Ботақан кеніштерінде Билайн байланысы пайда болады, ал олардың аралығында ештеңе жоқ. 20 адамнан тұратын біздің ұжым күн сайын автокөліктері бұзылса немесе ұялы телефондары істен шықса қиын жағдайды бастарынан өткереді. 3000-нан аса құрылысшылар мен жол қызметкерлерінің келуін ескерсек, бұл компанияларға 2 аралық базаларды (антенналар): біреуін ескі қараусыз қалған Жилая Коса поселкесінің маңына, екіншісін Шұбартбала қыстағының төңірегіне қоюға болмай ма? Beeline 3G байланысын күшейтсе екен дейміз, өйткені ТШО қарапайым интернетке кіруге мүмкіндік бермейді, ол тек шетелдік қызметкерлерге ғана рұқсат етілген.

Электронды пошта арқылы

«КаР-Тел» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс дивизионының жұртшылықпен байланыс жөніндегі аға маманы Қырмызы ТӨРЕБАЕВАНЫҢ айтуынша, Жылыой ауданындағы Ботахан кеніші Beeline ұялы байланысымен 2010 жылдың желтоқсанынан бастап қамтамасыз етілген. Вахталық Шаңырақ, Венгерский және ТенгизНефтегазСтрой поселкелерінде 2012 жылдың тамызы аяқталғанша 3G желісі іске қосылатын болады. Ескі Қаратон мен Ботахан кеніштерінің арасында қазіргі уақытта инфрақұрылым жолға қойылмаған, электр қуаты жоқ. Осыған байланысты біз аталмыш учаскелерді ұялы байланыстармен қамтамасыз ете алмаймыз. Қазір «КаР-Тел» ЖШС 1000 адамнан астам тұрғыны бар Шоқпартоғай, Тұрғызба елді мекендеріндегі ұялы байланысты реттеумен айналысуда. Қазіргі уақытта Қосшағыл поселкесінде қолданыстағы желіні жаңартудың кезекті сатысы аяқталуда. Поселкенің, кеніштің және бизнестің басқа объектілерінің вахталық жұмысшылары корпоративтік қызмет көрсету келісім-шартының негізінде ұялы байланыспен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Kcell компаниясының Атырау өкілдігінің директоры Саламат ИСМАҒАМБЕТОВ бұл аумақтың ашық екендігін растады. Станса орнату мүмкіндігін қарастыру үшін бұл компания жұмысты бірігіп бастағысы келсе, жергілікті Kcell өкілдігіне хабарласа алады. 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

886 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5

Последние новости