– Маған «бедеулік» диагнозын қойған еді. ЭКО-ға (экстракорпоральдық ұрықтандыру) квота алу үшін не істеуім керек? Мен Ганюшкин поселкесіне тіркелгенмін, бірақ Атырауда жұмыс істеймін.
Телефон арқылы
Облыстың бас гинекологы Гүлмира ҚАЙРАЛИЕВА жауап береді:
– Осындай диагнозбен Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының әйелдер кеңесіне есепке тұруы керек. Ол жерде әйелге толықтай тексеру жүргізіп, облыстық денсаулық басқармасының комиссиясына қаралуға жібереді. Экстрагениталдық патологияға жататын қарама-қайшылық анықталған жағдайда әйелге портал арқылы квота ұсынады. Бүгінгі күні әйелдер 4 медмекемеге ЭКО-ға жіберіледі: оның 2-уі Астанада, бір-бірден Алматыда және Таразда. Бірақ негізінен біз Астанаға, Ана мен бала орталығына жібереміз. 2010 жылы 3 әйел, 2011 жылы 12 әйел квота алды, бүгінгі күні 12 әйелге квота берілді. Өткен жылы ЭКО-ға барған 12 әйелдің 4-уі жүкті болған. Бұл жақсы көрсеткіш деп есептеледі.