Атырау, 19 сәуір 06:33
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Асыраушы ата-ананың құқығы бірдей

2 186 просмотра

Бала асырап алған ата-аналарға жүктілік және босануға байланысты демалыс тиесілі екенін білемін. Асырап алған ана сәби бір жасқа толғанша бала күтіміне байланысты демалыс ала алады ма?

Телефон арқылы

- Асырап алған ата-аналар да туған ата-аналар секілді құқықтар мен міндеттерге ие болады. Сондықтан асырап алған ана сәби күтіміне байланысты бір жыл ғана емес, үш жылға дейін үйде отыра алады, - дейді заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА. – ҚР Еңбек Кодексінің 113-бабында жүкті әйелдерге, бала туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі делінген:

1) әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 (қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда - 70) күнге дейін 126 күнтізбелік күн демалыс беріледі (ҚР ЕК 193-бабы). Қиналып босанған, соның ішінде операция арқылы және басқа медициналық көрсетілімдермен босанған жағдайда әйелге тиісті медициналық анықтамалар алып, Мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталығы органдарына ұсынуы қажет.

2) Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен 56 күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі (ҚР ЕК 194-бабы).

3) Бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріледі. Демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы демалыс уақыты жалпы еңбек өтіліне, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі.

7 наурыз 2012, 19:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.