– Мен №11 СУ-900 (Ескі әуежай) үйде бала-келінім және үш немереммен тұрып жатырмын. Біздің үйіміз осыдан 8 жыл бұрын апатты болып танылған еді. Оған тіпті, газ жүргізуден бас тартқан болатын. Біздерді қашан көшіреді?
Ұлмекен КУЛУТОВА
– Нәубетов көшесіндегі №13 үй (бұрынғы Худин) апатты болып танылғанмен, қалалық биліктегілердің оны күреп тастаймыз деп уәде еткендеріне де бірнеше жыл болды. Оны күреу қашанға жоспарланып отыр?
Ботагөз
Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ айтуынша, Ескі әуежайдағы №11 СУ-900 үй күрелетін апатты үйлер тізімінде жоқ. Егер Ұлмекен Кулутованың тұрғын үй алаңын кеңейту қажеттілігі туындаса, оның өтініші қабылданады, оны жаңа тұрғын үй алу кезегіне қояды. Дәл осындай жауапты әкім орынбасары Нәубетов көшесі №13 үйдің тұрғынына да берді.