Атырау, 25 сәуір 19:50
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тышқаннан құтқарыңдар!

2 800 просмотра

– Біз Балықшыдағы А.Байжігітова көшесіндегі №74 үйде тұрамыз. Бұрын біздің үйіміздің қарсысында өткен жылы күреліп кеткен №72 үй болған еді. Енді күрелген үйдің орнында түзілген құрылыс қоқыстарында пайда болған тышқандар тыныштық берер емес. Оның үстіне жартылай шіріген еден тақтайларынан, линолеумнен, тұрбалардан және т.б. аңқыған сасық иістен тыныстау мүмкін емес. Күрелген үйдің аумағы қашан тазартылады?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау қаласының Балықшы поселкелік округінің әкімі Еркін ҒАЛИЕВ жауап береді:

– Біз тұрғындардың бұл өтінішін қала әкіміне жолдадық. Жақында ғана тазарту жұмыстарын шұғыл арада бастау туралы әкім нұсқауын алдық. Қазіргі уақытта тазарту жұмыстарына Арнаулы автобаза жұмысшылары тартылды. Апта ішінде олар бүкіл құрылыс қоқыстарын шығарулары тиіс.

10 қазан 2012, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.