Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Оқушылар қай мектепке барады?

1 922 просмотра

– Биылғы жылы №17 мектеп-лицейде күрделі жөндеу жұмысы жоспарланған. Біздерді, яғни, ата-аналарды жөндеу кезінде балаларымыздың қайда оқитындығы алаңдатып отыр.

Телефон арқылы

Сауалға №17 мектептің директоры Дариға БАЛТАБЕКОВА жауап береді: 

Жөндеу жұмыстары кезінде біздің оқушыларымыздың қайда оқитындығытуралыресми өкім әзірге бола қойған жоқ. Оны шамамен 10 тамызға деп күтіп отырмыз. Мектеп әкімшілігі ресми өкімді алғаннан соң барлық ата-аналарды хабардар етеді. Біздің мектебімізде 1 300 бала білім алады, олардың барлығын бірдей бір мектепке орналастыру мүмкін емес, сондықтан да бастауыш және орта буындар түрлі мектептерге орналастырылатын болады. Бұл шамамен біздің мектебімізден қашық орналаспаған мектептер болуы тиіс. Алғашқыда мектепті №9 мектепке көшіру туралы әңгіме қозғалды, бірақ, ол мектепке жөндеу жүргізілетін №21 мектеп көшірілетін болып шешілді.

№17 мектептің 1977 жылы салынғандығын естеріңізге сала кетейік, ал бұл осы мектепке жүргізілетін бірінші күрделі жөндеу болмақ.

11 шілде 2012, 19:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.