Атырау, 20 сәуір 16:12
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мерзімі өтпейтін жәрдемақы

3 728 просмотра

- Жақында өлі туылған сәбилерге де нәрестенің   дүниеге келуіне байланысты берілетін жәрдемақы төленетінін білдік. Мәселе мынада, біздің тұңғышымыз босану кезінде шетінеп кеткен еді. Екінші сәбиіміз туылған кезде жәрдемақыны рәсімдегенде, бізге ешкім ол туралы айтқан жоқ. Оны қазір ала аламыз ба?

Айгүл Уахипова

Атырау қалалық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының заңгері Рысты ҚАЛИЕВА жауап береді:

– Құжаттарды тапсыру кезінде әр әйел өтінішпен қоса отбасы саны, өз балаларының фамилиясы мен аты, туылған уақыттары туралы мәліметті өз қолымен толтырады. Осы мәліметті толтыру кезінде мамандар емес, өтініш берушінің өзі оған тізімге қайтыс болған сәбиін енгізу керек пе, жоқ па, сұрауы тиіс. Бұдан кейін өтініш беруші оларға отбасы мүшелері туралы нақты мәліметтер ұсынылып отырғанын растап, өз қолын қояды. Сондықтан ұсынған мәліметтер туралы маман емес, өзіңіз жауапкершілікте боласыз.

Мемлекеттік бюджетте жұмыс жасамайтын отбасылар үшін жәрдемақы төлеу «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

1) сәбидің дүниеге келуіне байланысты берілетін жәрдемақы:

Бірінші, екінші, үшінші сәбиге – 30 АЕК (1 АЕК – 1 618 теңге) немесе 48 540 теңге. Жәрдемақы бірдей көлемде жұмыс жасайтындарға да, жұмыс жасамайтындарға да төленеді. Төртінші және одан кейінгі балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері 50 АЕК немесе 80 900 теңге құрайды.

2) бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мына есеппен төленеді: бірінші сәбиге 5,5 АЕК – 8 899 теңге, екіншісіне – 6,5 АЕК (10 517 теңге), үшінші сәбиге – 7,5 АЕК (12 135 теңге), төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,5 АЕК (13 753 теңге).

Қазір бұл әйел орталыққа келіп, отбасы құрамы туралы мәліметтерге өзге-рістер енгізіп, жәрдемақы ала алады.

18 сәуір 2012, 19:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.