Атырау, 8 мамыр 16:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Мұралықтың машақаты

1 844 просмотра

- Жекешелендіру келісім-шартында үш баланың екеуі, әке-шешем көрсетілген. Анам 1995 жылы қайтыс болды, бірақ оны ешкім де жазбаған, қалай болғанда да ол әкемнің есінде жоқ. Қазір келісім-шартта жазылмаған үлкен әпкеміз онымен бірге тұрып, бағып-қағып отыр. Біз пәтерді соның атына рәсімдеп, өз үлестерімізден бас тартқымыз келеді. Бірақ әкеміз кейде тосын әрекеттерге баратын жан болғандықтан, не істеу керектігімізді білмей отырмыз.

Телефон арқылы

Адвокат Татьяна МОХНАЧЕВА жауап береді:

- Сұрақта көрсетілгендей, тұрғын пәтерді жекешелендіру туралы келісім-шартқа сәйкес, төрт меншік иесі бар – екі баласы, әкесі мен анасы. Олардың әрбіреуінің тұрғын үйден өз үлестері бар. Сондай-ақ, 1995 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін оның үлесі ешкімге рәсімделмегені көрсетілген. Жалпы анасының қазасынан кейін оның мұрагерлеріне (балалары, жұбайы) алты ай ішінде анасының үлесін қайта рәсімдеу үшін нотариусқа мұрагерлік істі ашу туралы өтінішпен шығу керек еді. Бірақ бұл уақытында жасалмағандықтан, мұрагерлікті қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішпен сотқа немесе бұған мұрагерлердің барлығы келісім берген жағдайда нотариусқа жүгінуі керек.

Заң бойынша мұраға құқылы екендігі туралы куәлік берілгеннен кейін пәтер құжаттарын тіркеу органына қайта рәсімдеу қажет. Тиісінше, анасының 1/4 үлесі мұрагерлердің барлығына (үш баласы мен жұбайы) бөлінетін болады.

Әрі қарай, екі баласы – пәтердегі үлестің меншік иелері ретінде сыйға тарту келісім-шарты арқылы әпкелеріне өз үлестерін сыйлай алады. Содан кейін олардың пәтердегі үлестері әпкелеріне тіркелетін болады.

Сіздердің әкелеріңіз пәтердегі үлестің меншік иесі ретінде оған қалауынша билік ете алады. Алайда, егер ол сот шешімімен қабілеті жоқ деп танылса (шамасы, «тосын әрекеттерге баратын жан» деген түсінікке байланысты айтылған болуы керек), онда оның үлесін әпкесіне рәсімдеу мәселесін оның қамқоршысы қамқорлық органының рұқсатымен шешеді.

Бұдан басқа, пәтердегі әкесінің үлесі әпкесіне мұралық тәртіппен әкесі қайтыс болған жағдайда және сіздер оның үлесінен бас тартқан жағдайда өте алады.

7 наурыз 2012, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.