Атырау, 19 сәуір 18:43
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Туа сала төлқұжат алады

2 376 просмотра

Биыл төлқұжатымды ауыстыруым қажет. Екі сәбиімді де құжатыма тіркеп қойған. Үлкен балам 10 жаста, кішісі 4-те. Оларды менің құжатыма тіркеудің мәні бар ма немесе оларға жеке құжаттар рәсімдейтін уақыт келді ме? Неше жастан бастап балаларда жеке төлқұжат болу керек?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық ІІД көші-қон полициясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Гүлжанат АЯЗБАЕВА жауап береді. Оның айтуынша, төлқұжат ҚР азаматтарына жасына қарамастан беріледі екен. Яғни, жеке құжатты сәби дүниеге келген кезде рәсімдеуге болады. Сонымен қатар 16 жасқа толмаған баланың фотосуретін оның ата-анасының төлқұжатына жапсыруға болады. 16 жастан бастап ҚР азаматтары міндетті түрде жеке бас куәлігін алады және содан бастап олар ата-анасының төлқұжаты бойынша шетелге шыға алмайды. Олардан бұл жағдайда өздерінің жеке құжаты талап етіледі.

5 қыркүйек 2012, 21:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.