Атырау, 22 желтоқсан 11:20
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Әр сырқаттың өз дәрігері бар

3 345 просмотра

- Баладан лямблиоз сырқатын тапты. Паразитолог пен балалар гастроэнтеролог мамандарының емі керек, ал, ондай мамандар біздің №3 емханада жоқ. Балалар дәрігері жұқпалы аурулар дәрігеріне баруға кеңес берді. Ол дәрігер балаға трихопол дәрісін беруді тағайындады. Менің ойымша, бұл балаларға емес, үлкендерге арналған дәрі емес пе? Мұндай жағдайда жалпы қандай дәрігерге қаралған жөн?

Сауалға облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВА жауап береді:

- Балалар гастроэнтерологы және паразитолог секілді салалы мамандар біздің облысымызда жоқ. Лямблиоз жұқпалы аурулар қатарына жатады, сондықтан да бұл сырқатты жұқпалы аурулар дәрігері емдейді. Трихополды тағайындауы – біздің медицинада лямблиозды емдеуге осы дәрі қолданылады. Әдетте, пациент емдеудің екі курсынан өтеді, содан кейін оны қайтадан анализ тапсыруға жібереді.

8 тамыз 2012, 22:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.